Кітапхана – білім қайнары

20150123_124735Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың  Қазақстан  халқына Жолдауында "Жастар – біздің болашағымыздың тірегі. Мемлекет жаңа буынның алдында барлық есіктер мен жолдарды ашты" деген еді. Бұл білімді ұрпақ тәрбиелей отырып, дәстүрімізді сақтап, халықтың тұрмыс-салтын, мәдениетін көтеріп, әдет-ғұрпымызды, рухани тірші-лігімізді дамытамыз дегені. Еліміздің экономикалық тұғыры бекіген сайын сана жаңғырып, білімді жастардың қатары арта бастады.
Қаламыздағы №10 орта қазақ мектебінің тұсауын Қостанайға келген сәтінде Елбасының өзі кескен болатын.  Президенттің оқушыларға деген ыстық ілтипаты-ақ жол болды. Бүгінде мектеп көркейіп келеді. Өзім осы білім ошағындағы кітапханашы ретінде әр баланың рухани байып, толыса түскенін қадағалап отырамын десе де болады. Кітапханамызда 40 мыңға жуық кітап қоры бар, соның ішінде 20 мыңдай  дана көркем әдебиет пен басқа салаға сай.  Жаңа буын мектеп оқулықтары, әдістемелік нұс-қаулар, электрондық оқулықтар да бар. Кітап қоры сұраныс-қа сай жаңа кітаптармен толықтырылып тұрады. Мерзімдік басылымдар қорды толықтырудың негізгі қайнар көзі болып табылатындықтан республикалық, облыстық газеттер мен  журналдарды жаздырып аламыз.
Бала тәрбиесі жолында өзгелермен қатар кітапханашылар қауымының қосқан үлесі мейі-лінше зор деп ойлаймын. Кітапхана қызметінің бағыты – балаларға  арналған кітап-журнал, газет коллекцияларын сақтау және дамыту, балалардың білім алуына, бос уақытын тиімді өткі-зуіне көмек көрсету. Әр кітапханада  оқырмандарға арналған оқу залы бар. Мектеп оқушылары мен мұғалімдеріне қажетті әдебиеттерді алуына толық жағдай  жасалған. "Кітап – білім кілті" демекші, мектеп кітапханасы кішкентай болғанымен атқарар жұмысы зор. Мектеп кітапханасы оқушылардың  шығармашылықпен айналысуларына көп ықпалын тигізеді.
Соңғы жылдарда кітапхана балаларға арналған ертегілер, әңгімелер, энциклопедиялар, сөздіктер, анықтамалар, "Қазақ мәдениеті", "Сұрақ-жауап", "Ежелгі Қазақстан" сияқты жаңа кітаптармен толыға түсуде. Жаңа түскен кітаптарды насихаттап, кітап көрмесі, ұсыныс тізімі,  би-блиографиялық шолу ұйымдастырылады. Оқушыларды, оқырмандарды қызықтыру үшін сынып жетекшілерімен, пән мұғалімдермен көптеген іс-шаралар өткізіледі. Мысалы, әр сенбіде  1-4 сыныптар арасында "Мектеп оқушыларына оқуға ұсынылатын 10 кітап" жобасының ау-диохрестоматиясы сайысы ұйымдастырылады.   Бастауыш сынып оқу-шылары кейбір  ата-аналармен келіп, әдеби кітаптарды  алады. Республикалық олимпиаданың ІІ кезеңіне жолдама алған оқушылармен қосымша  сабақ   өткізуге арналған жұмыстар өткізіледі. Қазір мектеп оқушылары бұрынғыға қарағанда кітапханаға көп келеді. Себебі жаңа, қызықты кітаптар көп. Бұл баланы қызықтыратыны сөзсіз.
Кітапханашы үйретуші ұстаз іспетті. Демек, көркем әдебиет арқылы оқушылардың рухани дүниесі байып, халық өсиеттерінен нәр алып, кітапқа деген ынтасы артады. Оқушыларды еліміздің тарихын, оның ғасырлар қойнауында қалған сөз маржандарын, сөз өнерін жан-жақты игеру арқылы адамгершілікке, парасаттылыққа, инабаттылыққа, отаншылдыққа тәрбиелейді.
Біздің міндетіміз балаларды жаңашылдыққа жетелей отырып, өткенді бағалауға баулу. Болашаққа сеніммен қарайтын азаматтарды тәрбиелеу. Сондықтан оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруда кітапханашылардың да үлесі бар. Қорыта айтқанда, мектеп кітапханасының рөлі жылдан жылға артып келеді. Олай болса,  жақсы кітаптың бар қазынасын оқырман жүрегіне жеткізіп, рухани керегімізге айналдыра білейік.
Л. Садуақасова.
№10 орта мектептің  кітапхана меңгерушісі.
Қостанай қаласы.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓