Әкемнің Қожанасыр әжелері
Күндердің бір күні ел аман жұрт тыныш күні әкем Сейіт терең ойға беріліп отырып қалыпты. "Қатты ойға кеттіңіз ғой, не құрай алмай отырсыз" дедім. "Әжелеріңнің артында қалған, айтқан күлкілі істері мен сөздері, мамаңның істері мен сөздері, басқа да кісілердің айтқандарын қалай келтірсем екен, қандай атпен жазып шығарсам екен, ешкім мазақ қыла алмайтындай деп" ойласып отырмын деді. "Е, оның несіне қиналасыз "қожанасыр әжелеріңнің айтқаны" деп жалпылама жаза беріңіз, әркім өзінің айтқанын сосын бөліп алмай ма" деп едім, әкем күліп алып "Жасұланның қожанасыр әжелері" деп келтірейін бе" – деді. Мен "осы кезге дейінгіні сіз жазыңыз, маған кейінгілері де жетер" деп жүріп кетіп едім. Уақыт шіркін зырылдап, бізді де ата-әжелер қатарына қосып үлгірді. Сөйтіп өмірге "Қожанасыр әже" деген кейіпкер келді…..
Қожанасыр әпендені бүкіл ел біледі ғой. Ал жұрт "Қожанасыр әже" деп атайтын кейуананы әлі ешкім біле бермейді, кейбіреулер ол туралы таза естімеген де шығар. Бұндай әжелеріміз Қожанасыр десе, нағыз Қожанасырдың өзі. Ол әжелеріміздің қожанасырлық істері мен сөздері айта берсең көп-ақ.
Ал, енді міне әкемнің қожанасыр әжелері.
Кайнағаға сұрак
– Қайнаға, сіздің атыңыз Қас-қырбай емес пе? – деп сұрапты Қо-жанасыр әже.
– Иә, шырағым, келін, – депті қайнағасы.
– Ендеше, сізді неге Бөлтірік дей-ді бұл қатындар, – депті.
Жалан бұт кыз
Қалада оқып жүрген қыз ауылға шолақ көйлек киіп келіпті. Мұндай-ды алғаш көрген Қожанасыр әже "көтек, қаланың қыздары бәрі осы-лай жалаңбұт жүре ме" депті.
Содан былай жұрт әлгі қызды "жалаңбұт қыз" деп атап кетіпті.
Тірі маркұм
Қожанасыр әжеміздің ауылында Хасен деген кісі ертеректе қайтыс болған екен. Оның өзінен айнымай-тын баласын көріп әжей:
– Сен осы Хасенбісің? – деп сұ-рапты.
– Иә, Хасенмін, – депті ана сай-қымазақ.
– Е, марқұм-ай, әлі тірі екенсің ғой – депті таңданған әже.
Жоғалған сынар шұлык
Дүниенің тар, киімнің тапшы ке-зінде Қожанасыр әженің шұлығы-ның сыңары жоғалыпты. Бір сыңа-рын аяғына киіп алған жарықтық үй-ішін, ауыл-үйді аралап іздейді. Еш жерден таппай, жатарда сыңар шұ-лығын шешіп қараса, екі шұлығын да бір аяғына киіп алыпты.
Кұсайын деп отырмын
Аңқау Қожанасыр әжеміздің Құ-сайын деген қайынатасы бар екен. Әжеміздің жүрегі көтеріліп, лоқсып пеш аузында отырғанда, әлгі қайынатасы келіп:
– Келін шырағым, неғып отыр-сың, – дегенде, аңқау әжеміз:
– Ата, құсайын деп отырмын, – депті.
Асығыспын
Екі ауылдың ортасында жаяу ке-ле жатқан әжеміз жолда бір маши-наға кезігеді. Машина жүргізушісі "отырыңыз апарып тастайын" десе, Қожанасыр әжеміз "қалқам, маған қарама, мен асығыспын" деп жүре беріпті.
Кұдай апа десе болады
Інілеріне өкпелеген Қожанасыр әжеміз оларға ашуланып:
– Сендер апа демей-ақ қойың-дар. Құдай апа десе болады маған, – деген екен.
Жығылып жатып…
Қожанасыр әжеміз қыста тайып жығылыпты да, тұрып жатып :
– Құдай сақтады, жығылып қала жаздадым, – деп үстін қағып түре-гіліп.
Нан жарым
Ауылдағы бір аусар жігітті жұрт "нан жарым" деп атайды екен. Мұны соның аты екен деп түсінген әже, оған барып:
– Нанжарым шырағым, маған ағаш жарып берші, – деп өтініпті.
Тас-талқан боп ашуланған жігіт-ке, тағы да:
– Қалқам-ау, "нанжарым" деген-нен басқа не жазығым бар еді, – деп таң қалыпты.
Айтып коямын
Қожанасыр әжемен көрші тұрған бір әйел әжемізге жайсыз тигені-мен қоймай, бірде тілдеп онымен ұрысып қалса керек. Сонда қатты ренжіген әжеміз, жұрттың көзінше:
– Сен қатын бүйте берсең бригадирдің үйінің бір қарын майын ұрлап алғаныңды айтып қоямын, – депті.
Осыдан кейін ұрлығы ашылып сол әйел елге масқара болғанда, Қожанасыр әжемізге "сен айтып қойдың" деп ренжігенде, бұл кісі:
– Оллаһи, беллаһи, мен ешкімге айтқан жоқпын, – деген екен.
Сәбет радиосы сиякты
1937 жылы әженің шалын НКВД алып кетіпті. Әжеміз "оның жазығы не?" деп сұраса, НКВД қызметкер-лері "өкіметке қарсы сөз айтты" депті. Сонда қожанасыр әжеміз :
– Өйбу, шырағым-ай, ол шал ауысқан адам, ол да анау Сәбет өкіметінің радиосы сияқты, аузына келгенін сөйлей береді, – деген екен.
Таз кайнаға болмаса
Атасы Қожанасыр әженің жас кезінде жұмсап:
– Дәулетбайға айт, арбаның дөң-гелегін жөндеп берсін, – депті. Сон-да келіні (қожанасыр әжеміз):
– Ата, молда қайнағаның қолы-нан боқта келмейді, таз қайнаға болмаса, – деген екен.
Менікі де сондай
Әжеміз 1942 жылы соғыс кезінде колхозға сауыншы болыпты. Сол жылы сиырлар сүт бермей, жоспар орындалмай қалыпты. Колхоз бас-тығы сауыншыларды жинап, ұры-сып "соттатамын" деп қорқытыпты. Сауыншылардың бірі Сараш деген әйел сүттің аз болу себебін, жердің шөбінің жұтаңдығынан, судың аз-дығынан, ауа-райының өте ыстық қолайсыздығынан екенін айтып дә-лелдепті. Сөз кезегі қожанасыр әжемізге келіп, "сіз не айтасыз де-генде", сөзге орашолақ әжеміз:
– Менікі де дәл сол Сараштікін-дей ғой, – деген екен.
"Отта, кайнаға"
Қожанасыр әженің қайнағасы жұмыстан қарны ашып келіп:
– Үйде нан бар ма? – деп сұ-рапты.
– Отта, қайнаға, – депті әже.
Сөйтсе нан әлі оттан алынбаған пісіп жатыр екен.
Бұл Сталин адам өлтіреді
1930 жылдар басында елде мал қырылып, ауру көбейіп, аштық бас-талады. Ел ыдырап көше бастайды. Коммунистер "Сталин тұрғанда ештеңеден қорықпаңдар" деп елді сендірмек болады. Сонда әжеміз:
– Сендер көлтектемеңдер, бұл Сталин бе, бұл Сталин әлі адам өлтіреді, – деген екен.
Ал, енді менің XXI ғасырда Қожанасыр әжелерімнің айтқаны
Тұрғызып жуындыратын болды ғой
Қожанасыр әжеміздің көршісінің әйелі ұзақ жылдар ауырып жатып қайтыс болғасын, көршісі төсек жаңғыртып жас әйел алып үйіне жөндеу жұмыстарын жүргізіпті. Жуынатын бөлмесіндегі ваннасын сыртқа шығарып тастап, оның орнына үйіне жуынатын "душ" кіргізіп жатқанын көріп көршілері " бұнысы несі екен" депті. Сонда Қожанасыр әже :
– Бұрынғы әйелін жатқызып жуындыратын еді, ал ендігісін түрегелтіп қойып жуындырайын деген ғой шамасы, – депті
Конакка барғанда киесін
Қожанасыр әжеміз бір күні шалына базардан су жаңа іш киім лыпасын алып келіп:
– Киіп көрші қалай екен көрейін, – депті.
Шалы киіп көріп:
– Жақсы екен тура келді менің размерім екен, – депті.
Сонда Қожанасыр әжеміз:
– Тура келсе жақсы болды, шешіп қой енді, қонаққа барғанда киесің, – депті.
Жоғалған кұйрык
Қожанасыр әженің сойған қойының құйрығын жәйіп қойған жерінен ит жеп кетіпті. Оны таңертең ғана көрген аңқау жарықтық:
– Масқара болдым, құйрығымды ит жеп кетіпті, – депті көршісіне.
Маған мінініз
Соңғы жылдары әйелдер де бір-бір машина мініп жүретін болған кез. Қожанасыр әжеміз де машина мініп жүргізіпті. Жолда бір таныс адамы кездесіп, ала кетуін өтініпті. Ол өзінің ауылдасы екен. Оған әже:
– Қайнаға, маған мініңіз, маған мініңіз, – депті.
Шәй іше алдыныз ба?
Қожанасыр әжеміздің жаңа түскен келін кезі екен. Қайын атасы шөп шабуға баратын болып, түсте шәйді сол жақта ішетін ыдыс-аяқ салып бер депті. Әжеміз бәрін салып беріп шәй қайнатуға тоқ шәйнек салып жіберіпті. Кешке шөп шауып даладан оралған атасына:
– Қалай ата, шәй іше алдыңыздар ма? – деп сұрапты. Сонда атасы:
– Жоқ, келін шырағым, ол жерге біз де жеттік, свет те сөнді, – деген екен.
Аттергеген
Қожанасыр әжеміз жүріс тұрысына, істеген ісіне, түр-тұлғасына қарап қайнағаларына "аупай қайнаға", "құн-жын қайнаға", "үшбұт қайнаға" деп қойған аттарымен сол кісілер өмірлік аталып кетіпті.
Жұбату
Немересі келіп әже мені балалар мазақтай береді депті. Сонда әжеміз:
– Не деп мазақтайды сені аяғың ақсақ па, қолың шолақ па, көзің соқыр ма, мұрның пұшық па, аузың қисық па, – деп жұбатыпты.
Сол жерде дастарқан басында аяғы жоқ қайнағасы, қолы шолақ құдасы, көзі соқыр бір қонағы, мұрны пұшық бір сіңілісі, аузы қисық қайынсіңілісі отырған екен.
Жүнде де акыл жоқ екен
Қожанасыр әжеміздің бір інісінің басының шашы сиреп, маңдайы, төбесі қасқаланыпты. Бірақ әлгі інісінің денесі қолының шыққан жүні қалыңдау екенін көріп, қожанасыр әжеміз басын шайқап отырып :
– Ой, Аллай, бұл жүнде де ақыл жоқ екен, қолына қалың боп шыққанша басына шықпай ма, – деп кейіген екен.
Иттерін байлап коймай ма екен
Қожанасыр әжеміз тауып сөйлейтін кездері де болған. Бірде жақын інісінің үйіне келсе, келіні шайпаулау болса керек. Әжемізге тиетін сөздер айтып, аулада тоқтамай жүре сөйлеп жүргеніне қарап тұрып, інісіне :
– Осы кейде адамдарының істеріне қайран қалам, үйіне адам келетінін біледі, шәуілдеген иттерін байлап қоймай ма екен, –депті.
Бұл сөзді естіп қалған келіні әжеміздің аяғына жығылып кешірім сұрап, содан кейін сөйлейтін кезінде жан-жағына қарап алып барып күйеуіне сыбырлап айтатын болыпты.
Ал, келіңдер, ағайындар Қожа-насыр әжеміздің қоржынын толтырайық.
Жасұлан Сейітұлы.