“Кітапхана – отандық тәрбие беру орталығы”

Л.Н.Толстой атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасы мен Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар кітапханасы "Кітапхана – отандық тәрбие беру орталығы" тақырыбымен облыстық семинар өткізді.
Семинар барысында кітапхана қабырғасындағы отандық тәрбие жұмыстары, патриоттық тәрбие берудің түрлері мен әдістері, тарихи-өлкетану порталының контентін толықтырудағы кітапхана қорларының рөлі сияқты тақырыптар қамтылды. Кітапхана рухани күш беретін орын. Балалар үшін кітаптың орны қашанда бөлек болуы тиісті. Арнайы дайындалған сұхбат алаңында кәсіби пікірталас пен атал-ған тақырып бойынша жұмыс тәжірибелерімен алмасу болды.
Семинарға қатысушылардың назарына "ХХІ ғасырдағы отаншылдық: бұрынғы және қазіргі кездегі тәжірибелерге сүйене отырып отандық тәрбие беруді жалғастыру" атты кітапханалық көрме ұсынылды. Облыстық кітапхананың кітапханаларды дамыту бөлімі алдағы уақытта "ғылыми-тәжірибелік материалдар" мен "отандық тәрбие беру жөніндегі көпшілік шаралардың сценарийлері" атты екі жинақ дайындайды.
Семинар жұмысының қорытындысы бойынша материалдар жинағы шығарылатын болады. Бұл алда нәтижелі жұмыстар атқару үшін қажет.
Айтолқын
        АЙҚАДАМОВА
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓