“Мемлекеттік тіл – тәуелсіздік тірегі”

Облыстық тілдерді оқыту орталығында  Тәуелсіздік күні  мерекесіне арналған осындай тақырыпта интеллектуалдық-танымдық сабақ өтті.
kazakhskiy_yazyk_125478– Біздің  басты мақсатымыз, ең алдымен,  мемлекеттік тілдің  мәртебесін көтеру, оның қолдану ауқымын кеңейту. Тілдерді оқыту орталығына   осындай-осындай тақырыптарды қолдана отырып,  ашық сабақ өткізсеңіздер деген өтініш айт-қан едік,  мәселен, еліміздің Тұңғыш Президент күніне орай  тілдерді оқытудың облыстық орталығының оқытушысы Қ.Ырғызбаева  тіл үйренуші мемлекеттік қызметкерлерге мемлекетіміздің басшысы туралы тіл оқытудың түрлі әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, сабақ өткізді. Енді, міне, Тәуелсіздік күніне  байланысты орталықтың оқытушысы А.Нұрмағамбетова  ашық сабақ өткізіп отыр.  Ал, енді осы сабақтың міндеті –  мемлекеттік қызметшілерді отансүйгіштікке тәрбиелеу, патриоттық сезімін ояту, – деді бізге облыстық тілдерді  дамыту басқармасының бас маманы  Бақытбек Зейнекин. 
Гүлназым
    САҒИТОВА
 
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓