Әскер қатарына алынды

Қостанай облысының отыз жас сарбазы ҚР Қарулы күштерінің қатарына қосылды. Олар Алматы облысы, Қапшағай қаласында Отан алдындағы азаматтық борышын өтейтін болады.
Сарбаздарды әскерге шығарып салу рәсімі Жеңіс саябағында салтанатты түрде өтті. Іс-шараға облыс әкімінің орынбасары С.Бектұрғанов және бір топ ҰОС ардагерлері қатысып, жастарға ізгі тілектерін білдірді.
Қапшағайға баратын отыз сарбаздың бірі – Аслан Утин. Ол Меңдіқара ауданында туған. Жеті жылдан бері облыс орталығында тұрып жатыр. Болашақ сарбаз биылғы ақпан айында Қостанай техникалық-экономикалық колледжін бітірген. Асланды әскерге шығарып салуға анасы Гүлсара және ата-әжесі де келді.
– Ұлым әскерге барамын дегенде не қуанарымызды, не жыларымызды білмедік. Себебі,  жалғыз ұлдың көз алдымызда жүргені дұрыс еді. Бірақ өзі шешім қабылдаған соң қарсы болмадық. Бір жыл өте шығады ғой. Асланым Отан алдындағы міндетін  өтеп, аман-есен ортамызға оралса деп тілейміз, – деді анасы Гүлсара.
Қымбат
        ДОСЖАНОВА
 
 
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓