Сапалы ауызсумен қамтылуда
Облыста. Өткен жылы 24 су құбыры нысанының құрылысы мен қайта қалпына келтіру жұмыстары үшін 7,9 млрд.теңге бөлінген. Бұл қаражат 2013 жылмен салыстырғанда екі есеге көп. Яғни, жыл өткен сайын халықты сапалы ауызсумен қамтамасыз етудің мүмкіндігі артуда. Бұл туралы «Нұр Отан» партиясы ҚОФ-да өткен басқосуда Қостанай облыстық ТКШ және энергетика басқармасы басшысының міндетін орындаушы Х.Қамбаров айтты.