Жалақы өспейді
Облыста. «Б» корпусы қызметкерлерінің жалақылары өспейді. Бұлтуралы облыс әкімдігінде өткен аппарат кеңесінде облыстық қаржы басқармасының басшысы С.Аймұхамбетова баяндады. Оның айтуынша әлемдегі қаржылық дағдарыстың әсерінен еліміздегі бірқатар жаңа жобалар мен бастамаларды қаржыландыру кейінге шегеріліп отыр. Оған «Б» корпусында қызмет ететін әкімшілік пен азаматтық қызметкерлер енгізілген.