“Қостанай ОДТ қоғамдық орындарында Wi-Fi қызметін іске қосты”

wi-fiҚостанай облыстық телекоммуникация Дирекциясы Қостанай қаласы мен облысының  қоғамдық  орындарында Wi-Fi технологиясы негізінде Интернет желісіне сымсыз қатынау қызметінің іске қосылғанын хабарлайды.
Қазіргі уақытта аталмыш қызмет келесі нысандардың аумағында және 150 метр радиусқа дейінгі іргелес алаңдарда ұсынылады:
Қостанай қ.
Спорт сарайы, қазақ-француз мәдениет орталығы, "Рабат" қонақ үй кешені, "Жетінші континент" спорттық ойын-сауық кешені, "Fitnation" спорттық кешені, "Қазақстан" кинотеатры, Қостанай облыстық ауруханасы, Қостанай облыстық балалар ауруханасы, М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университеті, "София" спорттық ойын-сауық кешені, Қостанай ОТД (Тарана көш., 56), Орталық саябақ ("Қазақтелеком" АҚ орталық агенттігіне қарсы, Әл-Фараби даңғ.,71)
Рудный қ.
Орталық әмбебап дүкені
Арқалық қ.
Торғай аграрлық-техникалық колледжі,
Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі 
Жітіқара қ.
Орталық базар
Лисаков қ.
 "Мирас" медициналық орталығы
Интернет желісінің ішкі және сыртқы ресурс-тарға қатынау жылдамдығы 8 Мбит/сек дейін, трафик бойынша шектеу жоқ.
Қызметті idport.kz жеке кабинетіндегі "Қызметтерді басқару" бөлімі немесе Epay жүйесі арқылы банкілік төлеу картасымен төлеп қосуға болады. Интернет желісіне кіруге арналған логин мен  құпиясөз Сіздің электрондық мекенжайыңызға жіберіледі.
Қосымша ақпарат 160 телефон бойынша, қоңырау тегін.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓