«Тобыл» футбол командасы жанкүйерлермен кездесті

Қостанайлық жанкүйерлер бұл күнді көптен күткені анық. Сондықтан, кездесу белгіленген  облыстық қуыршақ театрының ғимаратына олар бір сағат бір бұрын жинала бастады. Біз барғанда театр холында клуб басшысы Талғат Баймұратов пен клубтың спорттық директоры Константин Гальченко ұшырасты. Сәлден соң театдың концерт залы жанкүйерлерге лық толды. 17.43 минутта «Тобыл» командасының ойыншылары мінген автобус ғимарат алдына кеп тоқтап, жұрттың бәріне көз таныс футболшылар ішке енді.IMG_0702
        Кезінде халықтық командаға айналған «Тобылдың» соңғы жылдардағы сүреңсіз ойындарынан жалыққан жанкүйерлер бұл жолы футболшыларды аса  бір қуанышпен қарсы алған жоқ. Бұл , әрине, түсінікті. Өткен жылғы жықпа-жығылма кепті былай қойғанның өзінде, биылғы чемпионатты сәтсіз бастаған қостанайлық аяқ-доп шеберлерінің төрт турдан небәрі екі-ақ ұпай жинап, турнир кестесінде 11 сатыда тұрғаны қынжылтады, оларды. Сондықтан, кездесу басталған бетте «Тобыл» клубының басшылары мен футболшылардың атына сұрақтар қардай жауды. Жұртшылық өздерінің сүйікті командасы мен оның бас бапкеріне деген наразылықтарын ашықтан-ашық айтты. Бұл кеште ішке бүккен сыр қалған жоқ. Біз жанкүйерлер мен клуб мүшелері арасында өрбіген диалогтан үзінді келтіруді жөн көрдік.IMG_0710
Сұрақ: Команда қашан жинақы ойнайтын болады?  Сендердің мыналарың тіпті ұят қой. Біріншілік басталған бетте «Қайраттан» 0:4 есебімен оңбай ұтылдыңдар. Оны қойшы, өз алаңдарыңда «Оқжетпестен» жеңілгендеріңді қалай түсіндіресіңдер?IMG_0757
Вардан Минасян: Бұл футбол. Ал онда жеңіс пен жеңіліс қатар жүретіні анық. «Қайратпен» арадағы кездесудегі ірі жеңілісті мойындаймын. Алайда, ол еліміздегі ең мықты команда.
Сұрақ: Команданы өрге сүйреп жүрген Виталий Волковты «Оқжетпеске» беріп жібердіңіздер? Ол несімен ұнамай қалды?IMG_0725
Вардан Минасян: В.Волков менің көңілімнен шыққан жоқ.
Сұрақ: Команда да Сізге ұнамайтын футболшылар бар ма, тағы?
Вардан Минасян: Маған ұнамаған футболшы бұл жерде отырмаған болар еді. Ендеше, ойыншылардың барлығы, менің көңілімнен шығады деген сөз.
Сұрақ: «Тобыл» командасы бұрын Қазақстандағы ең таңдаулы ұжымдардың бірі еді. Соңғы кезде ойындары қожырап кетті. Бұған  не себеп? Сіздің келгеніңізге де бір жылға жуықтаған жоқ па. Әлі жақсы бір команда жасақтай алған жоқсыз ба?IMG_0734
Вардан Минасян: Команданың маған дейінгі жағдайы маңызды емес. Ең бастысы, біз команданы қайта жасақтап жатырмыз. Алдағыны уақыт көрсете жатар.
Сұрақ: Әлішер Сүлейді неге сатып жібердіңіздер?
Талғат Баймұратов: Ә.Сүлей алғашқыда командада қаламын деген. Бірақ, «Ертіс» клубы оған бізден гөрі қомақты ақша ұсынды.
Сұрақ: Алда «Шахтермен» ойын тұр. Тағы жеңілеміз бе?  Егер команда жеңілген жағдайда Сіз қызметтен кетемін деген сөз шығыпты. Осы рас па?
Вардан Минасян: Мен команданы жарты жолда тастап кеткім келмейді.  Ал менің кету-кетпеуімді клуб басшылары шешеді.IMG_0788
( Кездесуде жанкүйерлер тарапынан өте көп сұрақ қойылды. Оларға клуб басшылары, бас бапкермен қатар команда капитаны Н.Жұмасқалиев және И.Бугаев, А.Богданов, И.Садовничий, Н.Шливич тәрізді футболшылар да жауап берді.  Біз сұрақ-жауаптың тек бір парасын ғана ұсынып отырмыз. Толық нұсқасы газет бетінде жарық көретін болады).
 
Айбек  КӘДІРҰЛЫ
Суреттерді түсірген Айбек ЖҮЗБАЙ

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓