Қажетсіз кәсіп
Ресей Үкіметі 2015 жылға бағытталған дағдарысқа қарсы бағдарламасын жария етті. Аталған құжат жеті бағытпен жұмыс істейтін болады. Нақты тоқталар болсақ, экономиканың негізгі секторларын қаржыландыру, мемлекеттік қорғаныс тапсырысын қамтамасыз ету, ақша құнсыздануының алдын ала отырып, халықтың аз қамтылған бөлігіне көмек қолын ұсыну, еңбек нарығын жетілдіру мәселесі қаралған. Сондай-ақ, құжатқа шикізат пен тауарды импорттау және экспорт-тау мәселесі де енгізіліпті. Соңғы тармақтың Кедендік Одаққа қатысты екенін айта кеткен абзал.
Еуроодақ пен АҚШ-тың қаржы қысымында қалған Ресейдің биылғы бюджетіне түсер табыс мөлшері 3 трлн. рубльге дейін қысқаруы ықтимал. Осыған сай, бірқатар инвестициялық жобалар жүзеге асырылмай, әлеуметтік бағдарламалар белгісіз мерзімге дейін тоқтатылады. Қыспақта қалған ел үнемділік тәртібіне көшуден басқа амал таппай отыр. Ел ішіндегі тұрақтылықты сақтауды басты міндеті санағандар үнемдеу үшін 60-тан астам заң жобасын жазуды қолға алмақ. Мұның барлығы да ел экономикасының еңсесін тіктеуіне септігін тигізеді. Ал, одаққа енген екі ел (Қазақстан мен Беларуссия) ресейлік кәсіпорындардың санкцияның салдарынан жоғалған тұтынушыларының орнын толтыруы тиіс.
РФ Президенті Путиннің айтуынша, ел экономикасын тұрақтандыру – шетелдік валютадан бас тартудан басталады. Естеріңізге сала кетсек, желтоқсан айындағы қаржының құнсыздануы салдарынан, Ресейдегі сауда – рубльден АҚШ долларына қарай ауыса бастады. Төл валютасының қадірін кетірмеуді жөн көрген орталық банк Үкіметпен бірлесе отырып, заң жүзінде шетелдік валютаны шеттетудің амалына жүгінді. Нәтижесінде, рубль Ресейдегі өз позициясын сақтап қалды. Ал, одақтас елдердегі орыс ақшасының отанына қарай ағылуы – Ресейдің экономикалық тұрақтылығын сақтауына септігін тигізді.
Кедендік Одақ күшіне мінгелі Қазақстанның да қыруар қаржысы Ресей рублін жамылып, шека-радан әрі асқан еді. Қарапайым ғана мысал, көлік саудасының өзі-нен ресейліктер қыруар табысқа кенелді. Мұның есесіне, біздегі көлік саудасын қыздырған компаниялар "банкроттың аз-ақ алдындамыз" – деп атой салуда. Ресей ақшасынан – темір тұлпарларды теңгеге айырбастағандар ғана емес, өзге де тауарлар мен қызметтерді ұсынып отырған қазақстандықтар зардап шегуде. Барымыз да, жоғымыз да, бөтен елге ағылып жатыр! Қарапайым тілмен айтқанда, қазақ экономикасы Ресейдің күш алуына "донор" болуда. Бұлай жалғаса берсе, қан-сөлсіз қаларымыз анық.
Олқылықтың орнын толтыруды жөн көрген Қазақстан Үкіметі Ресейден келетін импортқа шектеу қою мәселесін көтеруде. Үкі-мет көрші елдің құс еті мен жұ-мыртқасына, құрылыс материалдары мен көліктерінің Қазақстан-ға тасымалдауына уақытша тыйым салмақ ниетте. Үкіметті алаңдатып отырғаны – Ресейдің арзан көліктері болып шықты. Ішкі істер министрлігі келтірген мәліметке жүгінер болсақ, соңғы екі айдың көлемінде, Қазақстан-ға Ресейдің 100 мыңнан астам арзан көлігі енгізіліпті. Бұған дейін Еуро-4 стандарты мен қосымша құн салығымен шетелдік көлік-терге шектеу қойылып келсе, одақ аясында мұның бірі де ескерілмеген. Экологиялық мәселе экономикалық құлдыраумен жал-ғасын тауып жатыр. Бұған шектеу қойылмаса – қазақстандық кәсіпорындардың тығырыққа тірелері даусыз.
Жұматай
Кәкімжанов