Ауыз су қолжетімді болмақ
Осыдан үш жыл бұрын Соналыда жалғыз ауыз су нысаны пайда болып, тұрғындар су таситын машинаға су құйдыртудан арылған еді. Уақыт өте келе, ауылдағы ағайын ауыз су көшелерге тартылып, үйлерге өткізілсе ғой деген армандарын жүзеге асыруды жөн көрді.

– "Ұлан" МКМ басшысының айтуынша, ауылға екі су сорғысы мен мен колонкалар орнату үшін 8 млн. теңге қаражат қажет. Сол үшін соналылықтар қолдарынан келгенше өздеріне жүктелген қаражатты жинап беруде. Алдымен ақша мәселесі шешілсе, ауыз су да шешіледі. Сондай-ақ, биыл Тәгілде де ауыз су қолжетімді болмақ. Желтоқсан айында жобалық-сметалық құжаттарды дайындап, Қостанайға комиссияға жолдадық. Енді ақпан айында дайын болып қалады. Айтпақшы, дәл осы іске қажетті 1 млн. 200 мың теңге қаражатты халықтың қамын ойлаған кәсіпкер Б.Сатаевтың өзі көтерді. Негізінде, Тәгілге су өткізу 2016 жылға жопарланған, бірақ біз мүны осы жылы жүзеге асырғанды жөн көрдік. Өйткені, биыл ауылымыздың құрылғанына – 60 жыл. Халқымыз қос қуанышты қатар тойласа екен деген ойымыз бар, – дейді Тәгіл ауылдық округінің әкімі Сағынбай Сүндеталин.
Руслан
ӘЛКЕЕВ
Сарыкөл ауданы.