Интернет арқылы сот құжаттарымен таныса алады

IMG_4273 егов цв copyҚазақстан судьяларының VI съезінде Президент Н.Назарбаев әділ сот төрелігінің халықтың барлығы үшін қолжетімді болуын қамтамасыз етуді, бұл істе электронды ресурстарды кеңінен пайдалануды тапсырған болатын. Осы орайда Қостанай облыстық сотында интернет-ресурс арқылы азаматтар мен ұйымдардың сот органдарымен электронды түрде өзара әрекеттесуінің жаңа жобалары қолданыста екенін атап өткен жөн.
– Іске асырылған бұл жобалар азаматтардың сот ақпаратына қолжетімділігін арттырады, – деді облыстық соттың баспасөз хатшысы Ләззат Байғожина. – Осы ақпараттық сервистердің арқасында азаматтар өз үйлерінен шықпай-ақ, интернет арқылы сот құжаттарымен таныса алады.
Ләззат Байғожинаның айтуынша, жаңа электрондық жобалар азаматтардың пошталық қызметтерге жұмсалатын қаржылық және уақыт шығынын үнемдеуге мүмкіндік береді. Статистикалық деректерге жүгінсек, облыстық сотта 2014 жылы "Сот кабинеті" және электронды үкімет порталы арқылы 12 мыңнан астам хат-хабар келіп түскен. 
– "Сот құжаттарымен танысу" сервисі логин, пароль, ЖСН-ды енгізу арқылы электронды сот құжаттарын көруге мүмкіндік береді. "Сот кабинеті" қызметін қолдану үшін азамат халыққа қызмет көрсету орталықтарынан элек-тронды қолтаңба алады. Сол қол-таңба көмегімен "сот кабинеті" сервисі арқылы өтінішін жолдан-ған соң, азаматтар оның тіркелгені туралы талон мен электронды хабарламалар туралы келі-сімге ие болады", – дейді облыстық соттың баспасөз хатшысы.
Ал сот процесіне қатысушы тараптарға сот отырысы туралы  да сот тыңдалымы туралы талон жолданады". Іс қаралып болған соң сот процесіне қатысушыларға судьяның элек-тронды-сандық қолтаңбасы қойылған, сот актілерінің шыққаны туралы SMS жіберіледі. Айтқандай, сервистегі элек-тронды сот құжаттарын тек оқып қана қоймай, жүктеп алуға да болады. 
"Сот кабинеті" сервисі сот өндірісін жеңілдетуге, сондай-ақ сот жүйесінің жеделдігін, қолжетімділігі мен ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл "кабинетте" өтініш, арыз, шағым және электрондық түрдегі өтінімдерді әзірлеуге және беруге, сондай-ақ мемлекеттік алымдарды онлайн түрінде төлеуге жол ашылған. Тараптар өздеріне ыңғайлы кез келген уақытта сот құжатын қарап, істің тарихымен танысып, сот актісін басып шығара алады. 
"Сотта іс қарау хаттамасының толымдылығын және сапасын қамтамасыз ететін тетік ретінде сот процестерін электронды фиксациялауды жаппай ендірген жөн" деп тапсырған болатын Елбасы судьялар съезінде. 
–  Сот отырысы хаттамасының сапасын арттыру мақсатында барлық соттарда сот процесін аудио, бейне тіркеу (АБТ) жүйесі енгізілуде. Заманауи техноло- гиялар негізінде сот процестерін электрондық хаттамаға түсіруге мүмкіндік беретін бұл жүйеге сот процесіне қатысушылар "Сот кабинеті" арқылы шыға алады, – дейді Ләззат Байғожина.
 
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓