Жазасын өтеушіге мүмкіндік көп

DSC_0103Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің "УК-161/11 қоныс колониясы енді қауіпсіздігі барынша төмен, яғни  мінездемесі оң сотталғандардың жазасын өтеуге барлық жағдайлар жасалған облыстағы түзеу мекемелерінің бірі. Мекемеде 4000-ға жуық дана қоры бар кітапхана, клуб, медицина бөлімшесі, асхана, монша-кір жуу кешені, дүкен жұмыс істейді.
2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексіне енген өзгертулер мен толықтыру-ларға байланысты мекемеде жазасын өтеушілердің мінез-құлқын айқындайтын комиссия  құрылды. Сонымен қатар, аталған комиссия мүшелері жазасын өтеушілерді толғандырып жүрген мәселелерге түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.
Атап айтқанда, өзін тек оң қырынан көрсеткен сотталғандар же-ңілдетілген және  дағдылы тәртіптегі режимге ауыстырылады. Ал түзету мекемесінде қасақана құқық бұзушылық жасағандар үшін қатаң тәртіп қолданылады. Алғаш рет ҚР Қылмыстық-атқару кодексіне "сотталғандардың мінез-құлқын бағалау" деген түсінік енгізіліп отыр. Осындай мінез-құлқын бағалау жазаны жеңілдетуге бағытталған. Оң мінезімен көрінген сотталғандарға мінез-құлықтың 3 дәрежесі қарастырылған. Ал теріс мінезді жазасын өтеушілер де 3 дәрежелі мінез-құлыққа бөлінеді. Осы негіздер бойынша сотталушының шынайы мінез-құлқы анықталып, оған тағайындалған жазаның түрін өзгертуге, жеңілдетуге, керісінше, қатайтуға мүмкіндіктер қарастырылған. Былайша айтқанда, ендігі жерде сотталушы осы өлшемдерге берілетін баға арқылы өз тағдырын өзі ғана өзгерте алады.   
Заңнамадағы барлық өзгертулер сотталушының құқыққа бағынушылық мінез-құлқын  ынталандыруы керек. Мысалы: қоныс колониясына жаңадан келген жазасын өтеуші қалыптасқан жағдайда болады. Оның мінезіне, еңбекке, оқуға жауапкершілікпен  қарауы, тәр-биелік және мәдени-қоғамдық іс-шараларға қатысуы, мемлекетке және қоғамға келтірген залалын өтеуіне қарай сотталғандар мекеме комиссиясы шешімімен жеңілдетілген жағдайға ауыстырылады.
Түзеу мекемелерінің осы күнге дейін аталып келген атауларының да өзгеріске ұшырағанын айта кеткен лазым. Қоныс колониясы, тергеу абақтысы, тәрбие мекемесі, жалпы, қатаң, айрықша тәртіптегі түзеу мекемелері және түрме деген ресми атаулар жаңа Қылмыстық атқару кодексіне ондағы қауіпсіздік деңгейіне сәйкес төменгі, аралас, орташа, төтенше және толық мекемелер деген атаулармен енгізілген. Мәселен, қауіпсіздігі төменгі мекемелердегі (қоныс колониясы) жазаны өтеу тәртібі қарапайым, жеңілдетілген, қатаң жағдайдағы деген тәрізді бұрындары қарастырылмаған түрлерге, ал қауіпсіздігі төтенше (ерекше режім) мекемелеріндегі ахуал ондағы сотталушының мінез-құлқының түзелуіне қарай жеңілдетілген деп бөлінген. 
Алмат ИТЕСОВ,
ҚР ІІМ ҚАЖК "УК-161/11 мекемесі" РММ бастығының
ТЖ жөніндегі орынбасары.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓