Қандай шара қолдануға болады?
– Мен тұратын көпқабатты үйде көрші пәтерден түнімен музыка, әр түрлі қатты дыбыстар шығарып, бізге тыныштық бермейді. Оларға бірнеше рет барып, ескерттік те, түсіндірдік. Бірақ сөз тыңдайтын түрлері жоқ. Оларға қандай шара қолдануға болады?
Cымбат РАҚЫМЖАНОВА.
Қостанай қаласы.
Жауап:

Сондай-ақ, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бір жыл iшiнде қайталанатын болса, жеке тұлғаларға – 5, лауазымды адамдарға, жеке кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға – 20, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға – 80 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
"Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 543-бабы бойынша 333-бабында көзделген әкiмшiлiк құқықбұзушылық туралы iстердi ішкі істер органдары қарайды. Яғни, құқықбұзушы- ларға шара көру үшін сіздер тәртіп сақшыларына жүгінуіңіз қажет.