Үйінде есірткі сақтаған

Бұрын-соңды істі болмаған Вера Георгадзе есімді 30 жастағы азаматша ҚР ҚК 297 бабына сәйкес қамауға алынды. Бұл туралы мамандандырылған ауданаралық соттың баспасөз қызметі мәлімдейді.наша
Қостанайлық азаматша саудалау мақсатында үйінде героин сақтап келген. Күдіктінің қылмысы тәртіп сақшыларының арнайы жіберген Ким есімді "сатып алушы" арқылы әшкере болды. Ким, жоспар бойынша, Георгадзеден  3000 теңгеге 0,16 грамм есірткілік затты сатып алуы керек болды. Нақ сол ұйымдастырылған сауда үстінде азаматша қолға түсті. Үйіне тінту жүргізу барысында салмағы 38 грамм үш полиэтилендік орамадағы героин тәркіленді. Кейін мойындағанындай, Георгадзе бұл есірткі ұнтақтарын рудныйлық Андрей атты азаматтан 15000 теңгеге сатып алған.
Осы қылмыстық іске қатысты сот үкімі 2-қараша күні шығарылатын болады. 
 
Ж.Жүсіпбек 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓