Ән мен жырға толы кеш
Өткен аптада Н.Ахметбеков атындағы мәдениет үйінде өткен “Туған жерім, әнді өлкем, жыр бесігім” атты аудандық мәдениет үйінің жылдық есеп беру концерті мақтауға тұрарлық. Көптен бері бұндай тамаша кешті көрмеген аудан тұрғындарының құлақ құрыштары әуезді әсем әндерге мейірлене түсті.
Осы кеште облыс көлеміне танымал жас әншілерде бүгінгінің хит әндерін орындап, көрермендердің делебесін қыздырды. Ал “Қазына” аналар ансамбілі ән кешінің шырайын аша түсті. Сонымен қатар өзіміздің жерлес сазгерлер мен ақындардың әндері әуезді әнге толы кеште көптеп шырқалды. Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Дастан Әбжамалов алтын уақыттарын бөліп, қорытынды концертке келген өнер сүйер қауымға және сахнаның сәнін , әннің мәніп келтірген өнерлі жандарға алғысын білдірді.
Байбатыр Ахметбеков
Жанкелдин ауданы