Басты мақсат – білім көкжиегін кеңейту
Сарыкөлдің Ново-Урицк орта мектебінде сертификатталған мұғалімдердің аудандық семинары өтті. Жаңа технология тақырыбы аясында өрбіген шараға 30-ға жуық бастауыш сынып мұғалімдері қатысты.
Әрине, бүгінгі таңда оқыту жүйесінде ақпараттық компьютерлік технологияны қолдану басты қағидаға айналды. Оған деген қызығушылықты, біліктілік пен шығармашылықты шыңдау семинардың тақырыбына тиек болды. Түрлі идеялар төңірегінде тереңірек толғаған тәлімгерлер өзара тәжірибе алмасты. Шеберлік сыныбынан өтіп, ашық сабақтарға атсалысып, И.Колесникованың ұйымдастырған коучингінен келелі кеңестер алды.
Аудандық білім бөлімінің бастауыш сынып әдіскері Л.Кайгородованың айтуынша, өңірде өткізілген дәл осындай семинарларды ай сайын ұйымдастыру дәстүрге айналған. Басты мақсат – жаңа үлгідегі оқыту әдісі аясында мұғалімдердің білім көкжиегін кеңейту.
Семинар соңында белесенді қатысқан мұғалімдер мадақтама қағаздарымен марапатталды.
Руслан Әлкеев
Сарыкөл ауданы