Маңызды қадам

Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілетін өзгешеліктер мен толықтырулар ел үшін маңызды істердің бірі. Осыған орай Аманкелді ауданының халқы белсенділік танытып, таңғы 7:00-ден бастап референдум учаскелеріне баруда.Қазіргі таңда Аманкелді ауданы бойынша жалпы саны 30 учаскі болса, аудан орталығында 5 учаскі жұмыс жасап тұр. Арнайы бекітілген төрағалар мен хатшылар, учаскелік сайлау комиссиясының мүшелері келушілерге сапалы қызмет көрсетуде. Аудан әкімі Талғат Карбозов №227 референдум учаскесіне өзінің дауысын берді. — Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының «ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» сындаралды саясатын қолдау мақсатында өз дауысымды бердім, — дейді аудан әкімі Талғат Карбозов.
 
Бибіт НҰРМҰХАНОВ
Аманкелді ауданы.
Суреттерді түсірген автор.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓