Талапкерлер 4230 теңге төлеп, наурыздағы ҰБТ-ға қатыса алады

2023 жылғы наурыз айындағы ҰБТ-ға өтініш беру app.testcenter.kz сайтында 20 ақпан мен 10 наурыз аралығында жүргізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ұлттық тестілеу орталығының мәліметінше, тестілеудің өзі 14-30 наурыз аралығында өтеді.
Бұл тестілеуге мына адамдар қатыса алады (ақылы оқуға түсу үшін):
– мектептің 11 (12) сынып оқушылары;
– мектеп және колледждің өткен жылғы түлектері, колледждің биылғы түлектері;
– ЖОО-ға шартты түрде қабылданған студенттер;
– шетелде білім алған түлектер, ҚР азаматы емес, шетелде білім алған ұлты қазақ адамдар.
Тестілеуге қатысу құны – 4230 теңге.
Тестіленушілер ҰБТ-ға тіркелу кезінде тестілеу өтетін орынды, күнді және уақыттыөзі таңдайды.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓