ҚМУ – үздіктер қатарында
Білім беру сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз қазақстандық агенттігі (БСҚА) 2016 жылғы Қазақстанның үздік жоғары оқу орындарының ұлттық рейтингін ұсынды. Көрсетілген рейтингте Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті 7 орынды иеленді. Агенттік президенті, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Шолпан Қаланованың айтуынша, студенттер контингенті мен құрамын, олардың білім нәтижелерін, профессорлық-оқытушылар құрамы қызметінің сапасын, ЖОО-ның ғылыми және инновациялық қызметін, халықаралық ынтымақтастығын қамтитын академиялық статистикалық индикаторлар мен критерийлерді, сонымен бірге, ғаламтордағы ақпараттық көрсеткіштері арқылы университтерді бағалайды.
Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті әр түрлі саладағы білім беру сапасы бойынша жоғары ұпайларға қол жеткізіп отыр. Жалпы есеп қорытындысымен 7-ші орынға табан тіреді.