Жұмыстан заңсыз шыққанын дәлелдеді
Әулиекөл аудандық соты Құсмұрын кенті тұрғынының жұмысқа қайта алу туралы талабын қанағаттандырды. Бұл туралы Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі зхабарлады.

Іс бойынша тараптарды, куәгерлерді, прокурор қорытындысын тыңдаған сот азаматшаның жұмыстан шығарылуын заңсыз деп танып, оны жұмысқа қайта орналастырып, мәжбүрлі жұмыссыз жүрген кездегі 73 мың теңге мөлшеріндегі еңбек ақысын өндіріп берді. Сондай-ақ сот моральдық өтемді 20 мың теңге мөлшерінде белгілеп, сот шығындары мен өкіл қызметі үшін жұмсалған 80 мың теңгені өндіріп беру жөніндегі үкімін шығарды. Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.
Қуаныш Сейдоллаұлы