Таланттарды тудырған топырақ

Аудан әкімі Эльдар Күзенбаевтың атсалысуымен жүргізіліп жатқан алқалы жиын талай таланттарды тудырған Златоуст ауылдық округінде де орайластырылды.
IMG_0815Басқосу барысында өңір басшысы асыл тұқымды сиыр басын жандандырып жатқан №3  «Златоуст» ӨК-ның шаруашылығымен танысты.
Өндірістік кәсіпорыны директорының орынбасары Ф.Бачу баяндағандай, бүгінде мал басы 800-ді құрайды, 200 төлмен толады деп күтілуде. Жалпы, 12 адам жұмыс істеуде.   
Ал ауылдық округ әкімі Куанышбек Турымов өз баяндамасында алдымен,  ауыл халқының көші-қонын бақылауда ұстайтынын жеткізді.   
IMG_0865Оның айтуынша, өткен жылы «Дипломмен-ауылға» бағдарламасы бойынша ауылдық мектепке 3 мұғалім келген. Ал «Сыбаға», «Алтын асық» мемлекеттік бағдарламаларға бақсынағандар да аз емес. Айталық, «Адай-Еркін» шаруа қожалығының басшысы ірі қара мал басын ұлғайтуды жоспарлауда, ал жеке кәсіпкер Г.Палаус жақында қой шаруашылығын қолға алмақ. Ол үшін тиісті жерге құжаттарын тапсырып қойыпты.
Ең бастысы, Златоуста еңбекпен қамту жүзеге асырылуда. Қоғамдық жұмыстармен 27 адам қамтылған, ағымдағы жылы олардың санын 34-ке арттыруды көздеп отыр. 
 
Руслан Әлкеев
Сарыкөл ауданы

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓