Ата заң – келешек кепілі
2022 жылғы 5 маусымда елімізде «Жаңа Қазақстан» «Күшті Президент, ықпалды Парламент және есеп беретін Үкімет» қағидаларын ұстанған Республикалық референдум өтуде. Оның нәтижесінде Ата заңымызға бірқатар өзгерістер мен толықтырулар енгізілмек.
Саяси маңызды шараға арқалықтықтар да өз үлестерін қосуда. Жалпы, Арқалық қаласы бойынша референдумға қатысушы, яғни дауыс беретін азаматтардың саны – 23453 адам. Оның 18 мыңнан астамы қаланың, ал қалған бөлігі ауылдық мекендердің тұрғындары болып табылады.
Референдум басталған бір сағат ішінде, яғни сағат 8:00-де 2798 қатысушы өз ұстанымдарын білдірді, бұл – жалпы қатысушылардың 11,9%-і.
Арыстан Айтмағамбетов,
Аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы:
– Сайлауға қарағанда Референдумның өзіндік ерекшелігі бар. Елімізде референдум соңғы рет 1995 жылы өтті, демек араға көп жылдар салып өткізіліп отыр. Референдумға дайындығымыз жақсы. Учаскелік комиссиялардың мүшелері 197 адам. Комиссия мүшелері қашықтықтан оқыту тест тапсырудан өттік. Олар түгелдей дерлік заңнамаларды жақсы тапсырып, сертификаттарын алды. Сайлау учаскелері материалдық жағынан толық қамтамасыз етілген. Учаскелеріміз мемлекеттік ғимаратта, негізінен мектептер мен мәдениет үйлерінде орналасқан.
Заң талаптарына сай таңертеңгі сағат 6:00-де учаскелік комиссиялар өздерінің орындарында болды. Осы уақыттан бастапҚоғамдық бірлестіктержәне БАҚ өкілдеріне тіркеу басталды. Сағат тура 7:00- де барлық сайлау учаскелерінде салтанатты түрде мемлекеттік Әнұран ойнатылып, дауыс беру үрдісі бастау алды. Барлық сайлау учаскелерінде алғашқы келген сайлаушыларға, тұңғыш рет даусын беріп отырған сайлаушыларға сыйлықтар берілді.
Бүгінгі таңда «AMANAT» партиясының өкілдері 30 учаскеде, «Партиялық емес байқау орталығының» өкілдері 28 учаскеде және «Мұқалмас» ҚБ өкілдері бірнеше учаскеде референдумның өту барысын жіті назарға алып отыр.
Нұрлан Садуов,
№103 сайлау учаскесінің төрағасы:
– Біздің сайлау учаскемізде 1890 дауыс беруші бар. Комиссия мүшелерінің бәрі де көп жылдан бері жұмыс істеп келе жатқантәжірибелі кісілер. Ешқандай қиыншылықтар болмайды деп есептеймін.
Референдумға бірінші болыпкеліп қатысқан кісіге және 18 жасқа толып алғаш рет қатысып жатқан жеткіншекке сыйлықтар табыс еттік. «AMANAT» партиясының, «Мұқалмас» ҚБ өкілдері, облыстық «Қостанай таңы» газеті және жергілікті телеарна «Арқа дидары» тілшілері келіп, референдумның ашылуына куә болды.
Барша халықты осынау ел өміріндегі шоқтығы биік шараның өтуімен құттықтаймын. Отандастарымды ортақ істен шет қалмай, азаматтық позицияларын білдіруге шақырамын.
Ақмаржан Құдайбергенқызы,
Алғаш қатысушы:
-Менің мұндай мемлекеттік маңызы бар шараға ең алғаш қатысуым. «Жастар – ел ертеңі» деген. Еліміздің келешегі үшін азаматтық ұстанымымды білдіріп, өз үлесімді қосып жатқаныма зор қуаныштымын.
Өтіп жатқан іс – шара өте жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Аға буын өкілдеріне жастар атынан алғысымды білдіремін.
Айтбай Болжыкенұлы,
Референдумға қатысушы:
– Сайлау учаскеме келіп, өзімнің дауысымды беріп, өтіп жатқан шараны қостап отырмын. Әруақытта еліміздің болашағы жарқын болып, халқымыз бақуатты ғұмыр кеше берсін деп тілеймін.
Мұрат Жүнісұлы,
Суреттерді түсірген автор.
Арқалық қаласы.