Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері қайырымдылық жасауға кірісті.
«Мектепке жол» акциясына қатысушылар көпбалалы отбасындағы екі балаға көмек көрсетті. Жомарт жандар жеткіншектерді жетелеп базарға барып, мектепке киер киімдері мен спорттық, қысқы киім-кешектерін, оқу құралдары мен сөмкесін сайлап берді. Қайырымды кісілер игі істі одан әрі жалғастырмақ ниетте.