Құйылған қаражаттың қайтарымы бар

«ССКӨБ» АҚ инвестициялық бағдарламасы шеңберінде Кен дайындау және байыту фабрикасының қалдық шаруашылығы учаскесінде шлак құбырларының магистралі ұзартылып жатыр.
Бұл учаскедегі жұмыстар жаз айларының ортасында басталған болатын. Бүгінде 3000 метр құбыр төселіп, инвестициялық жоба аяқталуға жақын қалды. Кең ауқымды шараны кен алыбының сенімді серіктесі «Қостанайагрогаз» қолға алған.
– Мердігер өзіне жүктелген міндеттерді сапалы орындауда. Олар жан-жақты жабдықталған, жылжымалы шеберханалары да бар. Жалпы бұл компаниямен 2000 жылдардың басынан бері қоян-қолтық жұмыс жасап келеміз, – дейді учаске бастығы Александр Мачихин.ZFV_1600Өндірістік процестің технологиялық тізбегінде бұл учаскенің атқаратын қызметі зор. Алдымен кеннің ылғалды магниттік сепарациясынан өткен концентрат қоймаларға жіберіледі. Қоймадағы қалдық су тұнғаннан кейін ол кен байыту кешенінде пайдаланылады. Яғни тәулігіне осы шлак құбырлары арқылы миллион текшеден артық сұйықтық өтеді.
Фабрикадағы құбырлар 3 бөліктен тұрады. Бірақ та соңғы уақыттары олардың сыйымдылығы азайған. Сондықтан мамандар құбырларды ұзарту арқылы осы мәселенің шешімін тапты.ZFV_1602Инвестициялық бағдарламаны жүзеге асыруға 3 миллион доллар қаражат бөлінген. Оның көп бөлігі игерілді. Құрылыс жұмыстарын желтоқсан айының ортасына дейін аяқтау жоспарланып отыр. Одан кейін магистральді құбыр барлық қуатымен жұмыс істей бастайды дейді мамандар.
 
Қуаныш ЕСҚАБЫЛ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓