Ақпанның алғашқы күндеріне арналған ауа райы болжамы
Қазақстанда 31 қаңтар мен 2 ақпан күндері ауа температурасы климат нормасынан 2-6 градусқа жоғары болады. Бұл туралы Tengrinews.kz "Қазгидромет" РМК сілтеме жасап хабарлайды.

Ал, "Қазгидромет" кәсіпорнының сайтында Атлантика мен Жерорта теңізінен келген жылы ауа массаларымен Қазақстан аумағында көптен күткен жылы күндер орнайтыны айтылған. "Республикада, орталық, шығыс және оңтүстік-шығыс аудандарынан басқа ауа температурасы ақпан айының алғашқы күндері климат нормасынан 2-6 градусқа жоғары болады деп күтіледі. Мұнда бұрынғыдай Сібір антициклоны өз ықпалын сақтайды және температураның айтарлықтай көтерілуі болжанбайды", – делінген.