Жұмыссыздықпен күрес толастамайды
"Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020" бағдарламасы ая-сында өңірде атқарылған жұмыс-тар аз емес. Аталған игі шараның арқасында еңбек нарығындағы жағдайдың біршама жақсарғандығын да атап өткен жөн. Жұмыссыздық деңгейі біршама азайып, мемлекеттік бағдарламаға қатыс-қандардың саны былтыр он үш мыңды құрады. Бағдарламаны жүзеге асыру үшін республика қазынасынан бөлінген қаражат та уақытылы игерілген. Облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлес-тіру басқармасының басшысы Е.Жаулыбаевтың айтуынша, бағдарламаның бірінші бағыты бойынша өткен жылы елді мекендердегі жүзден астам әлеуметтік нысан жөндеуден өтіп, соның арқасында жеті жүзден астам адам жұмыспен қамтылған. Бірақ, үстіміздегі жылы енгізілген түзетулерге байланысты бағдарламаның осы бағыты жұмысын тоқтатпақ. Сондай-ақ, өткен жылы бағдарламаны жүзеге асыруға 4,8 млрд. қарастырылса, биыл бөлінген қаржы бұдан он есе аз, яғни 480 млн. теңге. Бұл қаражат "Жастар тәжірибесі" мен әлеуметтік еңбек орындарын ұйымдастыруға жұмсалмақ. Дегенмен, жұмыссыздықпен күрес шаралары тоқтатылмайды.

Қарлығаш ОСПАНОВА