Басына пәле тілеп алған басшы
Облыстық тәртіптік кеңестің пәрменімен Қарабалық аудандық әділет басқармасының басшысы А.Ахметов қызметінен қуылды. Ол облыстық әділет департаменті басшысының 28 қаңтардағы бұйрығымен орнын босатып отыр. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің басшысы Данияр Үсенов хабарлады:

29 желтоқсан мен 13 қаңтар аралығында қамақта отырып шыққан басқарма басшысының әрекеті енді тәртіптік кеңеске салынған кезде А.Ахметов: "Кінәлі екенім рас. Тәртіптік кеңестен қызметімді төмендету жазасын қолдануын сұраймын", – деп ақталған.
Алайда тәртіптік кеңес Ахметовтың бұған дейін де әлденеше рет мас күйінде көлік жүргізіп, жазаға тартылғанын және сотқа өз еркімен бармай, дөрекілік танытқанын ескеріп, мемлекеттік қызмет этикасына кір келтіргені үшін оны қызметінен босату туралы бірауыздан шешімге келген.
Шұға ҚОҢҚАБАЙ