Айаруға көмек қажет!

Рудный қалалық оқушылар мен жастар сарайында «Жақсылық періштелері» деген атпен қайырымдылық концерті өтті. Бұл жолы тұрғындар қаланың көптеген іс шараларын жүргізіп жүрген белгілі мәдениет қызметкері, «MIX BAND» тобының орындаушысы Берік Қозыловтың Айару есімді екі айлық қызына көмек қолын созып отыр.
28012015_blagotvoritelnie_koncerti_2Айару неғұрлым қауіпті саналатын туа біткен цитомегаловирустық инфекция ауруына шалдыққан. Бүгінде оның өмірін сақтап қалу үшін Қостанай облысының мықты дәрігерлері күресуде. Алайда әр ампуласы 70 мың теңге тұратын қымбат вакциналарды алуға қарапайым адамның қалтасы көтере бермейтіні рас.28012015_blagotvoritelnie_koncerti_3 Шараны ұйымдастырушы, мәдениет ошағының көркемдік жетекшісі Марина Дубовиктың айтуынша, өз әріптестерін қолдауға қаланың барлық шығармашылық ұжымы ниет білдірген. Сондықтан концерт үш күнге созылып отыр. Ине шаншар орын болмаған оқушылар мен жастар сарайының сахнасында әнші-бишілермен қатар «Надежда» халықтық циркі, «Дебют» шоу-балеті, «Фиеста», «Жасмин», «Ле флер» ансамблдері, «Лес чудес» театры мен «Леди совершенство» сән студиясы өнер көрсетті. «Ынтымақ болмай іс оңбас» демей ме?28012015_blagotvoritelnie_koncerti_1 Сері жігіт Беріктің отбасына көмек қолын созам деушілерге мәдениет сарайында арнайы жәшік орнатылған. Біз, өз кезегінде, Айарудың емі сәтті өтіп, көп ұзамай ата-анасының қасына оралсын деген тілек білдіреміз.
 
Қуаныш Сейдоллаұлы

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓