ӨРЕЛІ ІСТЕР ӨРКЕНДЕГЕН ӨҢІРДЕ
Елбасы тапсырмасына сәйкес барлық деңгейдегі әкімдердің халық алдында есеп беруі биылғы жылы да өз жалғасын тауып отыр. Жалпы, көпшіліктің көңілінен шығу оңай шаруа емес. Түсіне білген адамға әкімдердің бірінші жанашыры да, сыншысы да – халық. Елбасымыз олардың жұртшылық алдында есеп беруіне ерекше маңыз беруі де бекер емес.
Халықтың өзіне артқан сенімін абыроймен ақтап келе жатқан әкімдердің бірі – Федоров ауданының басшысы Қайрат Ахметов екенін облыс жұртшылығы жақсы біледі. Он бес жылдан бері аудан әкімі болып жемісті қызмет атқарып келе жатқан ол білімі мен тәжірибесі мол басшы. Қашанда өзін халықтан жоғары қоймайды. Жұртының қызметшісі екенін жақсы біледі. Сондықтан болар, оның биылғы жылғы халық алдындағы есеп беруі жоғары деңгейде өтті.
2015 жылдың 28 қаңтар күні мәдениет үйінде жиналған халық алдында аудан әкімі Қайрат Ахметов есеп берді. Ол баяндамасында 2014 жылы ауданда істелген жұмыстарға кеңінен тоқталды. Ауданның негізгі капиталынан түскен инвестиция көлемі – 5 млрд. 297 млн. теңгені құрағанын, бұл 2013 жылы тартылған инвести-циядан 560 млн.теңгеге артық екендігін атап көрсетті. 2014 жылы ауыл шаруашылық тауар өндірушілері 22 млрд.тенгенің өнімін өндір-ген, оның 17 млрд. теңгесі – өсімдік шаруашылығынан; ал 5 млрд. теңгесі – мал шаруашылығы өндірісінен түс-кен. Яғни, ішкі жалпы өнім (ІЖӨ) көлемі екі есеге және өнеркәсіп өндірісі көлемі де екі еседей өскен.
Ауа-райының қолайсыздығы салдарынан былтырғы жылы өсірілген егіннің әр гектарынан 15,8 центнерден алтын дән жиналып, аудан бойынша 510 мың тонна астық өндіріліп, облысымыз бойынша жалпы жиналған астықтың 12 пайызын құраған. Аудан аграрлары 2014 жылғы егіннен 46 мың тонна тұқымдық астықты құйып алған. Алайда, ауданда келесі жылғы егіске 8 мың тонна тұқым жетіспеушілігі бар. Оның 3 мың тоннасы "Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы" несиесі арқылы алынатын болады. Ал, тұқым жетіспеушілігінің қалған бөлігін аграрлар өз қаражаттарына сатып алмақшы.
Аудандағы майлы дақылдар өсіретін алқаптар 13 мың гектарға кеңейтіліп, нәтиже-сінде жалпы алқап көлемі 53 мың гектарды құраған. Майлы дәнді-дақылдар орта есеппен алғанда әр гектарынан 8,2 центнерден өнім беріп (барлық көлемі 13 мың гектар), барлығы 42 мың тонна өнім жиналған.
Ауданда мал шаруашылығының дамуы да жақсы деңгейде. Өңірде қазір 24500 ірі қара мал, оның ішінде 11 мың сиыр бар. Аудан бойынша 3 ЖШС орта және ірі мал шаурашылығымен айналысады. "Тұрар" ЖШС және "Бек+" ЖШС сүтті голштин сиырын бағумен және оны көптеп өсіруді жүзеге асырып отырса, ал "Гранд" ЖШС ет өндірісін дамытуды қолға алған. Ірі қара малды көбейту үстінде. Бұл серіктестіктің қарауында 600 ірі қара бар. Аудан фермерлері мал шаруашылығын дамыту үшін мемлекеттен 376 млн.теңге көлемінде субсидия алған.
Федоров ауданы ірі қара малды асылдандыруда облыс бойынша алдынғы орында. "Сыбаға" бағдарламасы бойынша 247 млн.теңгеге 1266 ірі қара сатылып алынған.
Былтырғы, 2014 жылы елі-мізде жылқы және қой ша-руашылығын дамыту үшін "Құлан" және "Алтын асық" бағдарламалары қабылданған болатын. Осы бағдарлама бойынша аудан фермерлері 23 млн. теңгеге – асыл тұқымды 78 жылқы, 5,5 млн. теңгеге – 210 қой сатып алынып, қазіргі таңда мал басы өсуде.
Ауданда ірі инвестициялық жобалар да жүзеге асырылып жатыр. Соған байланысты ауылдағы жұмыссыздық саны да азайған. "Жол картасы–2020" бағдарламасына қатысқандар саны – 866 адамды құраған. Осы бағдарлама аясында 73 адам 146 млн. теңге көлемінде несие алып, өз кәсіптерін бастаған. 2013 жылы 32 адам 60 млн. теңге несие алғанына назар аударсақ, бұл көрсеткіш едәуір өскен. Ауданда – 215 жұмыс орны құрылған, мұның 148-і тұрақты жұмыс орны. 935 адам әр түрлі вакансиялар бойынша қызметке алынған. Ал, қоғамдық жұмыстарға 108 адам тартылған.
Аудандағы білім саласының даму көрсеткіштеріне көз салсақ, 35-ке жуық білім ошағы жұмыс істейді. Оның ішінде орта мектептер саны – 16, негізгі мектеп – 3, бас-тауыш мектеп – 16. Аудан бойынша жалпы алғанда 3063 оқушы бар.
Өңірде 2010-2014 жылдар аралығында "Балапан" бағдарламасының аясында 15 жаңа балабақша салынған. Ауданда осындай мақсатта қазір 17 балабақша жұмыс істейді. Онда 1347 бүлдіршін тәрбиеленуде.
Федоровта медицина саласы да жақсы жолға қойылған. Яғни, өзге аудандарда 2-3 дәрігер ғана болса, мұнда 27 дәрігер, 152 медицина қызметкері бар. "Жол картасы–2020" бағдарламасы бойынша Пешков селосында 107,5 млн. теңгеге дәрігерлік амбулатория ашылған.
Өңір басшысы атқарылған істерге жан-жақты тоқталып, баян еткенде залдағы жұртшылық ұзақ қол соғып тұрып алды. Бұл – аудан халқының өз әкімдеріне деген ризашылығы екенін аңғардық.
"Алтын Инвест" ЖШС-нің директоры Владимир Белай әкімнің жыл ішінде атқарған жұмысына оң баға берді. Сонымен қатар өзі басқаратын серіктестіктің әлеуметпен әріптестік байланысы жөнін-де баян етті. Серіктестік мәдениет үйінің құрылысын салуға 60 млн. теңге көлемінде демеушілік жасаған. Әрі ауданда егін және мал ша-руашылығын ойдағыдай дамытып отырғанын атап өтті.
Мәжілісті қорытындылаған облыс әкімінің орынбасары Евгений Аман Федоров ауданында жетістіктердің мол екенін айта келіп, өңірде мемлекеттік бағдарлама- ларды орындаудың кемшін тұстары бар екендігін ескертті.
– 2015 жылы Рудный–Қашар–Федоров бағытымен газ құбырын салудың құрылысы басталмақ. 2016 жылы Сіздер көгілдір отынның алауын жағасыздар. Аудандарыңызда су құбырлары да жаңартылмақ. Тек ескертетін жәйт: бір кездері 60-70 мың ірі қарасы бар фермерлердің қолында қазір ең көп дегенде 700 ғана бас бар. Мысалы: жаңа ғана сөйлеген "Алтын Инвест" ЖШС-і директорының қарауында көп дегенде 700 ірі қара бар. Сондықтан, мал басын көбейтуде атқарылатын істер көп. Себебі мемлекет үлкен мүм-кіндік беріп отыр, – деді облыс әкімінің орынбасары.
2015 жылы оның алдында бірқатар жаңа жобалар тұр. Атап айтқанда: аудандағы Федоров–Ленин–Вишнев ауылдарының арасындағы жолды жөндеуді қамтамасыз етуі керек. Бұл іске республикалық бюджеттен 126 млн. теңге қаражат бөлініп отыр. Сонымен қатар, республикалық және облыстық бюджеттен Федоров ауылындағы су құбырын қайта жаңарту үшін – 753 млн. теңге, Рудый–Қашар–Федоров бағытындағы газ құбырының құрылысын бастау үшін 915 млн.теңге қаржы бөлінген. Өңірге экономикалық жәрдемдесу шараларын іске асыру үшін – 25 млн.теңге, Пешков селосындағы дәрігерлік амбулато- рияны аяқтау үшін 32 млн.теңге қаржы қаралған. Ал республикалық бюджеттен Баннов орта мектебі мен оның жылу қазандығын жөндеу үшін "Жол картасы–2020" бағдарламасы бойынша 170,5 млн. теңге бөлінген. Бір аудан үшін бұл аз қаржы емес. Жасалатын жұмыстар да маңызды. Мұның бәрін орындауды қамтамасыз ету аудан әкіміне үлкен жауапкершілік жүктейді.
Бір қуанарлығы аудан әкімінің есеп беруіне арналған жиналыста тұрғындардан ешқандай сауал туындаған жоқ. Керісінше аудан басшысының атына алғыстар мен жылы лебіздер көп айтылды. Бұл – аудан хал-қының өз әкіміне деген құрметі ғана емес, үлкен сенімі екені анық.
Жиналыс соңында облыс әкімінің орынбасары Евгений Аман ауданның өткен жылғы әр саладағы үздіктеріне облыс әкімінің грамоталарын салтанатты түрде тапсырды.
САУАЛНАМА: ел не деді?
Татьяна ЛЕВИТ, № 1 Димитров атындағы орта мектептің директоры:
– Мен өзім басқаратын мектеп ұжымының атынан Қайрат Жұмашұлы Ахметовке үлкен алғыс айтқым келеді. Ол біздің мектепке жиі бас сұғып, мектептің тыныс-тіршілігімен танысып, ұстаздар қауымына үлкен құрметпен қарайды. Әрине, талай әкімді көрдік. Алайда, осындай қарапайым әрі жаны ізгі, іскер басшыны біздің ауданымызға жіберген облыс басшылығына мың алғыс айтамыз. Ауданда бірқатар жобалар іске асты және асып жатыр. Былтырғы жылдың өзінде үлкен "Арлан" стадионы салынды. Тәуелсіздік монументі орнатылды. Саябақ ашылды. Ал енді биыл ауданымызда жабық стадион салынбақ. Газ тартылайын деп жатыр. Елдің игілігі үшін еңбек еткен әкімді кім жақсы көрмесін?! Халық бәрін де біліп, көріп отыр. Сондықтан жүрекжарды сөзімді айту үшін бүгінгі мәжіліске арнайы келдім.
– Мен Пешков ауылында тұрамын. Бүгін аудандағы осы мәжіліске мен де арнайы келіп отырмын. Себебі, мен аудан әкімінің жүргізіп отырған саясатының арқасында "Жол картасы–2020" бағдарламасына қатысушылардың бірімін. Мен мал шаруашылығымды дамытқым келді. Әсіресе, жылқы басын көбейтпек болып шештім. Себебі, жылқы – менің хоббиім әрі жақсы табыс көзі. Сондықтан аудандағы жұмыспен қамту орталығына келіп, біраз ақыл-кеңестер алдым. Содан қажетті құжаттарды жинап, өтініш жаздым. 2014 жылдың шілдесінде мен 2 млн.теңге көлемінде шағын несие алдым. Жоспарлағанымдай жылқы және жем-шөп сатып алдым. Содан мал көбейттім, жұмысым алға басқан соң, 1 адамға жұмыс орнын аштым. Тағыда жұмыспен қамту орталығының көмектесуімен мемлекетіміздің қолдауымен субсидиядан бөлінген 35 пайыз жалақымен бір адамды қызметке алдым. "Жол картасы–2020" бағдарламасына қатысу арқылы мен мемлекеттен үлкен қолдау көріп отырмын. Яғни, алған несиеме 6 пайыз үстеме ғана төлеп, 1 жарым жылда несиемнен құтылатын болып отырмын. Сол үшін осы бағдарламаны біз сияқты ауылдың қарапайым жастарына түсіндіріп, қолдау танытып отырған ағаларыма рахмет айтамын.
Ой түйін
Қазіргі әкімдер үшін ел алдында есеп беру – үлкен жауапкершілік. Өйткені, қарапайым халық – әділ сыншы.Қандай адамның болсын істеген ісіне лайықты бағасын береді. Барды – бар дейді. Жоқты – жоқ дейді. Әрине, кейде өзінің қара басының мүддесін ойлап сөйлейтін-дер де болмай қалмайды. Ал енді бірде жақсы істерді тындырып жүрген әкімдерді пендеші-лікпен көре алмай алдын-ала ұйымдасып, "сынап" жататындар да ұшырасады. Олардың бәрін халық бірден біледі.
Демек, әкімдердің есеп беруі – емтихан іспетті. Сондықтан да, облыстық "Қостанай таңы" газетінің редакциясы аудан әкімдерінің есеп беру жиналыстарына маңыз беріп отыр. Жиналыс – істелген істі саралап, алда істелінетін істерді белгілейді. Федоров ауданында өткен аудан әкімінің есебінен көп нәрсені бай-қадық. Ең бастысы халық жұмыс істеген адамды адал бағалайды екен. Сол үшін де әкімдердің есеп беру жиналыстарын өткізіп тұрудың пайдасы – халыққа да, оның өзіне де тиімді болмақ. Халықпен санасып, оның ойынан шығу әкімдерді жаңа биіктерден көрінуге жетелейді. Біз Федоров ауданында өткен есеп беру жиналысынан осындай ой түйіп қайттық.
Ақнұр МҰСАБАЕВА
Федоров ауданы.
Суреттерде: аудан әкімінің есепті кездесуінен көріністер.
Суреттерді түсірген Айбек Жүзба