ШӘКІРТТЕР ШАМАЛҒАННАН ОРАЛДЫ

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында өлкетану бағытындағы «Туған жер» бағдарламасының маңызы ерекше. Өскелең жас буынға рухани бағыт-бағдар беріп, отансүйгіштікке тәрбиелейтін игі жоба аясында қостанайлық мектеп оқушылары  Тұңғыш Президенттің туған жерінде болып қайтты. WhatsApp Image 2019-04-01 at 11.42.25Балғындарды таңертең «Алматы-Қостанай» пойызынан күтіп алып, аз-кем дидарласудың сәті түсті. Сапар жетекшісі, әлеуметтік педагог Татьяна Черкасованың айтуынша, Елбасының туған жеріне облыс мектептерінен іріктеліп алынған 54 оқушы барған. Олардың ішінде оқу озаттары, білім байқауларының жеңімпаздары, сондай-ақ көп балалы және аз қамтылған отбасыларда тәрбиеленіп жатқан  жас өскіндер бар. Жер жәннаты Жетісу табиғатынан алған әсерден әлі арыла алмай жүздері бал-бұл жанып, ата-аналарымен қауышып жатқан балғындардан сыр тартып көрдік. Айлана Шәріпова  – Қостанай қаласындағы №10 мектептің 8 сынып оқушысы. Оқу үлгерімі жоғары, қоғамдық жұмыстарға да белсенді ат салысады. Озат оқушыны  ұстаздары да осы сапарға лайық деп таныпты. «Біз «Елбасы жолы» бағдарламасы бойынша әсем Алатау баурайын үш күн бойы араладық.  Мен бұл сапардан алған әсерімді ешқашан ұмыта алмайтын шығармын. Біз алдымен Президенттің туған жеріндегі «Анаға құрмет» атты музейге бардық. Онда елімізге танымал апа-әжелеріміздің өмірімен және олардың еңбек жолымен таныстық.  Одан кейін «Батыр бабаларға тағзым» атты ескерткіш кешенінде болып, атақты хандар мен батырлардың портреттерін тамашаладық. Наурызбай мен Қарасай батырлардың ескерткіштері, Шамалған ауылындағы Елбасы білім алған мектеп, «Тұңғыш Президент» саябағының тамаша көріністері маған ерекше әсер етті. Елбасының балалық шағынан бастап, қай­раткер болып қалыптасуына дейінгі кезең­дерден мәлімет беретін тарихи жәдігерлер төрт залға орналастырылған екен. Біз бірінші залда Н. Назарбаевтың балалық шағы, оқушылық кезеңі, еңбек жолына араласа бастауы туралы, отба­сылық суреттер мен жеке құжаттарының көшірмелерімен таныстық. Қазақ елінің тәуелсіздік тарихынан сыр шертетін екінші залда тәуелсіз­діктің алғашқы жылдарындағы Елбасының ерекше маңызды саяси шешімдері мен «Невада-Семей» ядролық жарылыстарға қарсы халықаралық қозғалысы мен Қазақстан халқы Ассамблеясы атқарған іс-шаралардың суреттерін тамашаладық. Ал үшінші залдағы Қазақ елінің қоғамның сан түрлі саласын­дағы, әсіресе ғарышты игеру мен спорт саласындағы жетістіктері ерекше әсер қалдырды.WhatsApp Image 2019-04-01 at 11.40.30
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлының өмір жолын, туып-өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлерімен танысып, Тұңғыш Президентке қатысты бұрын маған беймәлім болып келген тың деректерге көз жеткіздім. Мұның барлығы Жастар жылына орай жасалып жатқан игі істер деп білемін, – дейді Айлана.
Елбасының туған жеріне Алтынсарин ауданынан 20 оқушы барған. Обаған орта мектебінің үздік оқушысы Бейбарыс Бораншы Алматы сапарынан ерекше қуанышпен оралғанын айтады. – Өте әдемі барып келдік. Алтын адамды көріп, көне тарихтың талай құпиясына қанықтық. Алматының көрікті орындарын араладық. Медеуге, Шымбұлаққа көтерілдік. Алатауды өмірімде бірінші рет көрдім, ерекше әсер етті. Шыңына қарасаң бас айналады. Үстіңе құлап кетердей төніп тұрады екен. Елбасы туралы, туған жер тарихы туралы көп мәліметтер алдық, – дейді ол.WhatsApp Image 2019-04-01 at 11.41.18
 
Нұрқанат Құлабаев

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓