Күте бер қара шалыңды

Ғайни апамыздың туған күнін атап өтуге келгендер оны дастархан басында айтулы күнімен құттықтап жатады. Сөз кезегі Сағи ағамызға келгенде жұбайына:
indexҚартайдым деп жұқарма,
Болаттай бол, мұқалма.
Уақыт жедел өтті де,
63 қалды артыңда.
Ашты Алла бағыңды,
Сындырмады сағыңды.
Іздегенің алдыңнан,
Қиналмай-ақ табылды.
Естілсін атың жағымды,
Таза ұстадың арыңды.
Бабын тауып мына отырған,
Күте бер қара шалыңды, –
деп көпшілікті бір күлдіріп алыпты.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓