Бір аптада үш адам суға кеткен

Олардың біреуі – жасөспірім. Бұл туралы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінде өткен баспасөз мәжілісінде департаменттің суда құтқару қызметінің басшысы А.Байғожин хабарлады.
– Алғашқы қайғылы оқиға 15 мамыр күні түнгі 23.30 шамасында Федоров ауданының Александрополь ауылының сыртындағы көлдердің бірінде орын алды. 2000 жылы дүниеге келген жасөспірім суға шомылып жүріп, абайсыздығынан суға кеткен. Оның мүрдесін Александрополь ауылының тұрғындары шығарып алды, – деді А.Байғожин.
Ал 17 мамыр күні ақшам мезгілінде Қарасу ауданында 1978 жылы туған азамат мас күйінде өзеннің арғы бетіне жүзіп өтпекші болып, судан шыға алмай қалған. Тек келесі күні түске таман уақытта марқұмның мәйітін облыстық ТЖД суда құтқару қызметінің мамандары шығарып алыпты.
Баспасөз жиынында департамент қызметкерлері алдағы суда шомылу маусымына әзірлікті күшейтіп жатқандарын айтады. Өзен-көлдердегі шомылуға тыйым салынған аумақтарда кезекшілік қатайтылып, балық аулаушыларға ескерту жұмыстары жүргізіледі. Сонымен қатар, мекеме өкілдері мектеп оқушылары арасында судағы қайғылы оқиғалардың алдын алуға бағытталған сабақтар өткізуде.

Шұға ҚОҢҚАБАЙ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓