Өрттен сақ болыңыздар!

DSC_0198Жаз мезгілі – далада, орманды алқаптарда өрттің ең көп орын алатын маусымы. Күннің ысыған кезінде тұрғындар елді мекен сыртына демалуға жиі шығады. Алайда, тәжірибемізде азаматтардың абайсыздығы мен салғырттығынан оттан келетін төтенше оқиғалар аз кездеспейді. Сол себепті, табиғат-анаға жаны ашитын әрбір азамат тілсіз жаудың орын алмауын қадағалау қажеттігін ескерткім келеді.
2013 жылы аймағымыздың орманды алқаптарында 22 өрт оқиғасы тіркеліп, салдарынан 25,5 га жасыл желек отқа оранды. Тілсіз жаудың шығыны 534 мың теңгені құрады. Ал биылғы жылдың өрт қауіптілігі өршитін мезгілде мемлекеттік орман ал-қаптарының 81,9 га аумағында 6 өрт оқиғасы орын алды.
Далалы жерлердегі өрт оқиғалары көбіне сәуір айының басында, яғни, күннің алғашқы ыси бастаған кезінде орын алады. Былтырдан қалған сарғайған өсімдік ауа температурасының көтерілуімен бірге тез тұтанады. Ал мамыр айының аяғына қарай алқаптарды жаңа өскін көк шөптер басатындықтан, өрттің қатары да азаяды. Тек маусым айында өрттің қауіптілігі арта түседі де, шілде, тамыз айларында біршама тұрақталады. Тек күзгі уақытта тағы да өрши түсіп, аяз түскенге дейін сақталады.
Өңірімізде тілсіз жауды болдырмау және оның алдын алу мақсатында атқарылатын шараларға қатысты үстіміздегі жылдың 12 наурыз күні 2014 жылға арналған облыс әкімдігінің қаулысы қабылданды. Осыған орай өрт қауіптілігі басталған уақыттан бері барлық ормандарда, оларға жақын орналас-қан үйлерде, сауықтыру орындарында, балалар лагерьлерінде ай сайынғы мониторинг өткізілуде. Жоспар бойынша өңір тұрғындарына тілсіз жауды болдырмауға атсалысуға, одан қорғану, алдын алу, өрт орын алған жағдайда тиісті мекемеге хабарлау жөнінде насихат жұ-мыстары жүргізіліп жатыр.
Барлық орын алған өрт пен оттың тұтану фактілері бойынша алдын алу шаралары мен тергеу амалдарының жүргізіліп жатқанын айта кету керек. Егер оттың тұтануында қылмыс құрамы анықталып жатса, сөз жоқ, қылмыстық іс қозғалады, ал қылмыс құрамы жоқ оқиғаға қатысты азаматтар анықталса, оларды әкімшілік    жауапкершілік күтіп тұр.  
М.ТАНАБАЕВ,
Қостанай облысы Төтенше жағдайлар жөніндегі департамент басшысы.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓