Жеңіл көлік екі ер адамды қағып кетті

Екатеринбург-Алматы тас жолында  "SsangYong" маркалы көлік жүргізушісі бұзылған көлікті итеріп келе жатқан екі қостанайлықты қағып кетті.дтпҚостанай облыстық ІІД баспасөз қызметінің ақпаратынша, апат 3 шілдеде Екатеринбург-Алматы тас жолының 518 шақырымында болған. "SsangYong New Actyon" көлігін басқарған Қостанай ауданы, Заречный кентінің тұрғыны "Volksvagen Jetta" көлігінің екі жолаушысын қағып кетті. Олар істен шыққан көлікті итеріп бара жатқан.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан Ұзынкөл ауданы, Новопокров кентінің 43 жастағы тұрғыны және Федоровский ауданы, Костряков кентінің 40 жастағы тұрғыны түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді. Аталған факт бойынша ҚР ҚК 345-бабы 2-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓