Тағылымды кеш

Қостанай қалалық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің  құрылымдық бөлімшесі, №6 "Южный" кітапхана филиалында  қазақ халқының біртуар ұлы Шоқан Уәлихановтың 180 жылдығына арналған "Хандар мен сұлтандар ұрпақтары" атты іс-шара  болып өтті. photo_7180Кештің қонағы болған Ыбырай Алтынсарин атындағы облыстық мемориалдық мұражайының қызметкері  Роза Қуанова жиналған оқырмандарды ағартушы-демократ, саяхатшы, ұлы ағартушы Шоқан Уәлихановтың өмірі мен шығармашылығымен таныстырып өтті.  Ал кітапхананың мамандары болса,  ұлы ағартушы Шоқанның балалық  шағы мен  атақты Қашқарияға жасаған  саяхаты жайлы қызғылықты мәлімет пен деректер  айтты. Сол секілді  оқырмандарды Сәбит Мұқановтың, Сапарғали Бегалиннің Шоқан туралы жазған шығармаларымен таныстырды. Және осы шығармалардан  студенттер үзінді оқыды. Оқырмандармен әңгіме барысы  таныстырылу арқылы өтті. Тағылымы мол кештің белсенді оқырмандары  болған Қостанай құрылыс-техникалық колледжінің 1 курс студент-тері көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойды. Кеште "Қазақ халқының ұлы перзенті" атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Гүлназым
    САҒИТОВА
 
 
 
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓