Орташа айлық атаулы жалақы

2014 жылғы қаңтар-желтоқсанда 2013 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 8,4% артты.
photo_658982014 жылғы қаңтар-желтоқсандағы бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы ең төменгі күнкөріс деңгейі шамасынан 5,0 есе, ең төмен жалақыдан – 4,5 есе асып түсіп, 89971 теңгені құрады.
Атаулы жалақының едәуір көп артуы 2013 жыл-ғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласында (15,2%), өндірісте (12,5%), көтерме және бөлшек саудада; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеуде (10,6%), жылжымайтын мүлікпен жасалатын операцияларда (10,2%), ауыл, орман және балық шаруашылығында (9,9%), денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтерде (9,8%) байқалды.
Жоғары жалақы 128946 теңге қаржы және сақтандыру қызметінде байқалды (облыс бойынша орташаға қарағанда 1,4 есе артық), төменгі – өнер, ойын-сауық және демалыс саласында – 53903 теңге (орташа  облыстық деңгейден 59,9 %).
 
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓