Онкологиялық емхана ашылды
Қостанай облысында 300 орынға шақталған онкологиялық диспансер ашылды. Жаңа емхананың құрылысына 2,4 млрд.теңге жұмсалған. Соның 1,2 млрд.теңгесіне заманауи медициналық құрылғылар сатып алынды.Нысанның ашылуына облыс әкімі Архимед Мұхамбетов қатысып, дәрігерлердің жұмысына сәттілік тіледі.Жаңа емхананы салу онкологиялық көмекті дамытудың 2012-2016 жылдарға арналған бағдарламасы аясында жоспарланған болатын.Құрылысы былтыр басталған нысан араға бір жыл салып пайдалануға беріліп отыр. Емхана компьютерлік томограф, рентген және маммографиялық аппараттар сияқты құрылғылармен жабдықталған. Мұндағы заманауи жабдықтардың дені Жапония, Германияның тауарлары. Емхананың қызметкерлері шетелдік құрылғыларды қалай пайдалану керектігін оқып, меңгеріп алған.
– Қазіргі уақытта Қостанай облысында 11 мыңнан астам адам онкологиялық ауру бойынша есепте тұр. Қатерлі дертке шалдыққандардың саны жыл сайын көбейіп барады. Жаңа емхана науқастарға мамандандырылған медициналық көмек көрсететін болады,-деді облыстық онкологиялық диспансердік бас дәрігері Елік Досжанов. Емхана қаланың КСК шағын ауданында орналасқан. Алты қабатты ғимарат алыстан көзге түседі. Бұрын әр корпуста орналасқан бөлімшелер бір ғимараттың ішіне топтастырылып отыр. Жаңа емхананың осындай ерекшелігі бар. Мәселен, бірінші қабат тіркеу, киім ілгіш, буфет, әкімшілік-тұрмыстық қызмет көрсету орны, екінші қабатта дәрігерлер қабылдау жүргізеді. Ал үшінші қабатта ренген, компьютерлік томография, маммография қызметтері көрсетіледі, төртінші, бесінші қабаттарда әртүрлі ем-дом шаралары жүргізіледі. Алтыншы қабатта үш зертхана орналасқан. Сонымен қатар мердігер компания нысанның құрылысы мен медициналық құрылғыларды орнату жұмыстарына үш жыл мерзімге кепілдік берді.– Көпсалалы жаңа емхананың жұмысы қатерлі дертке шалдыққан науқастардың санын азайтуға және медициналық қызметтік сапасын жақсартуға көмектеседі деп ойлаймын. Кадр жетіспеушілігі мәселесін шешу керек. Медициналық қызметтің сапасын жақсарту дегеніміз емхана салу және заманауи техника сатып алумен шектелмейді. Білікті кадрды ескеріңіздер. Жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін,-деді облыс әкімі Архимед Мұхамбетов.

Қымбат ДОСЖАНОВА
Суретті түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ.
Суретті түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ.