Жұдырықтай жұмылу қажет

Елбасы мақаласын оқып шыққан соң біршама ой орамдарымен бөлісуді жөн көрдім. Ел бірлігін әр басшы ойлары хақ, ал елдің іргетасын қалаған Тұңғыш мемлекет басшысының халқын қиын кезеңде бірлікке шақыруы бөлек әңгіме. «Жау жоқ деме – жар астында, ауру жоқ деме – аяқ астында». Міне, елде сондай жағдай болып тұр. Төтенше жағдай жариялауға мәжбүр етті, әрине індет бізді ғана емес, бүкіл әлем жұртын дүрбелеңге салды, оны көз көріп отыр. Осындай қиын-қыстау кезеңде ақсақалдарға, орта буынға және жастарға, әр топтың өкілдеріне Елбасымыздың жеке сөз арнауы тегін емес. Сөз қадірін түсінетін, түйсінетін елдің ұрпағына және бізбен етене ғұмыр кешіп келе жатқан басқа ұлт өкілдеріне қарата айтылған деп ойлаймын.
Ұлы даналардың орнымен пайдаланған нақыл әрі ақылдары, өмірдің өзінен алған түйіндемелері нақты жерінде ұқсатылуы көпшілікке ой салуға тиіс.
15 
Мұнайдан түскен қаржыдан Ұлттық қорда сақтаған 90 млрд доллар қаражаттың осы бір қиыншылықты жеңуге бөлуді көздеген Президент Қ.К.Тоқаевты қолдауымыздың үлкен көмек болатынын және бірлігі бар елдің тірлігі екенін жете жеткізгендей. Алыстан әрі қиындықтан қашықта отырған адамның ақылы немесе бүлікшілікке шақыруы елге жаны ашығандық па? Ондай пасық ойлар да қылаң беріп қалады және ашулы жұртты теріс бағытқа бұрмалайды. Бізде ондайларға сеніп еретіндер дәл осы шақта болмауы керек. Себебі, адамзатқа қатер төндіріп тұрған сендерсіз де індет бар, сондықтан жұдырықтай жұмылған бірлік қана бәрін жеңуге бастайды. Біз оған сенеміз! Жоғарыдағы қордың бары да барымызды ұқсатудың нәтижесі. Бүгін оның пайдасын ел көреді. «Елде болса ерінге тиеді» деген осындайда айтылса керек. Әрқашан қолында барымен бөліскен халықпыз және аталы сөзге тоқтаған елдің ұландарымыз. Бірлікке шақырған көлемді мақалада Елбасының сөзі тыңдалады, жүректерге жетеді. Біз біргеміз !
Ғабит Сүндетбаев, «NurOtan» партиясы Жангелдин аудандық
филиалы төрағасының бірінші орынбасары

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓