Алла үйін салуға қолдау білдірейік!

– Қазіргі таңда қаражат мәселесі ақырындап жиналып жатыр. Былтыр біз қаражат жиналатын болса, қар түскенше мешіттің есік-терезесін салып, жылу жүйелерін тартып, осы қыс бойы ішкі жұмыстарын жасауды жоспарлап едік. Бірақ, қаражаттың аздығына байланысты бұл жұмыстарды бастай алмадық. Ал, енді қазір қолымыздағы бар қара-жатқа терезе-есігін салғанның өзінде, бәрібір қаражаттың қолбайлау болатын түрі бар. Бүгінгі таңда күмбездері жасалып, төбесі толығымен жабылды. Ал, қалған жұмыстар қозғалған жоқ, сол қалпында. Қаражат жиналып жатқан жоқ деп айтуға да болмас, аздап болса да түсіп жатыр, – дейді Асылхан Түсіпбек.
P.S. Иә, қазір бұл мешітке сұраныс аса айтарлықтай артып отыр деу артық болар. Себебі, қаламыздың тоғызыншы шағын ауданында Алла үйі іске қосылды. Дегенмен, басталған істі аяқсыз қалдыру да әсте жарамас. Сондықтан, Алла үйінің тезірек аяқталуына көп болып атсалысайық, ағайын. Егер мешіт салуға өз үлесімді қосайын, сауапты істен құр қалмайын деген кісілер болса, "Қазақстан Халық банкі" арқылы мешіттің мына есеп-шотына қаржы аударып, материалдық қолдау көрсетулеріне болады.
Марал ишан мешітінің есепшоты:
(ИИК) KZ886010221000045354
БИК HSBKKZKX
БИН 010141003301
Қарлығаш
ОСПАНОВА
Төлемді белгілеу: "Жаңа мешіттің құрылысына материалдық қолдау".