Оқушы өз-өзіне қол жұмсады
Қостанай қаласындағы №16 орта мектебінің оқушысы өз-өзіне қол жұмсады.
Суыт хабарды ести салысымен облыстық ІІД баспасөз қызметіне хабарласқан едік. Тәртіп сақшылары тергеу жұмыстарының жүріп жатқанын алға тартып, қысқа ғана ақпарат берді.
Баспасөз өкілінің сөзіне жүгінер болсақ, оқиға 22 қаңтарда болған. Мезетінде «өз-өзіне қол жұмсау» фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары қолға алыныпты.Тәртіп сақшылары жеткіншектің өзіне-өзі қол жұмсауына не себеп болғанын анықтауда. Ал, білім ордасының басшылары бұл оқиғаға қатысты бізге қандай да бір түсінік беруден бас тартты.

Мешіт Ғазиз