430 құқық бұзушылық анықталды
Облыс полицейлері республикалық "Нулевая терпимость" акциясының алғашқы күнінде 430, жалпы жыл басынан бері 758 құқық бұзушылықты анықтады. Құқық бұзушылықтардың бірқатары "Қауіпсіз аула" камераларының көмегімен тіркелді.
ОІІД басшылығының бастамасымен ұсақ құқық бұзушылықтарды анықтау мақсатымен мобильді топтар құрылды. Рейдтер барысында бірінші күні 430 құқық бұзушылық анықталды. 39 адам ұсақ бұзақылық жасағаны үшін, 25 адам қоғамдық орындарда темекі шеккені үшін ұсталды, сондай-ақ алкогольді ішімдіктер ішудің 75 фактісі тіркелді. Құқық бұзушы-ларға қатысты Әкімшілік Кодекстің 434 бабы бойынша хаттама толтырылды.
ОІІД баспасөз қызметінің материалдары бойынша әзірлеген
М.Қабдрахметова.