“Мас жүргізуші – қылмыскер” акциясы
24-25 қаңтар күндері облыста "Мас жүргізуші – қылмыскер" акциясы өткізілді. Полицейлер мақсатты шара барысында жол жүрісі ережесін бұзудың 596 жағдайын анықтады. 23 жүргізуші машинаны мас күйінде жүргізіп ұсталды.

"Мас жүргізуші – қылмыскер" акциясы облыста төртінші рет өткізіліп отыр. Өткен жылы мұндай шара 26 рет ұйымдастырылған.