ВАЗ маркілі машиналар ұрлануда

Жыл басынан бері Қостанай қаласында автомашиналарды айдап кетудің 18 жағдайы тіркелді, оның 11-і ізі суымай жатып, жедел ашылды. Ұрланған көліктердің басым бөлігі – ВАЗ маркілі машиналар.
krymchanin_ukral_noutbuk_iz_mashinyОблыстың ішкі істер департаменті бастығының бұйрығымен тәжірибелі қызметкерлерден арнаулы жедел-тергеу тобы құрылды.  Қажетті тергеу іс-шаралары жүргізілуде. Қостанайда 17 қаңтар-ға қараған түні жеті ВАЗ маркілі автомашинаны белгісіз біреулер айдап кетті. Облыстың ІІД сайтында ұрланған машиналар туралы ақпарат орналастырылған. Полицейлер бұл машиналарды көрген не қайда екенін білетіндер болса, жедел хабарлауды сұрайды. Құпиялылыққа кепілдік беріледі. Қостанай қаласы ІІБ криминалдық полиция бөлімінің телефондары: 52-67-97, 52-69-22, 52-67-35, 8-778-336-93-33, немесе 102.
ОІІД баспасөз қызметінің  материалдары бойынша әзірлеген
  М.Қабдрахметова.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓