Туған інісін өлтірген жігітке үкім шықты

Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты судья Е.Сералиннің төрағалық етуімен өз інісін өлтірген 1962 жылы туған Бақтыбай Бекежановқа қатысты сот үкімін шығарды.
осужден3Тергеу деректеріне сүйенсек, 2014 жылдың 22 қыркүйегінде Денисов ауданының Покровка ауылында Б.Бекежанов 1970 жылы туған інісі Ж.Бекежановпен бірге үйінде болады. Ащы судан ұрттап алған інісі масаң күйде еді. Ағайындылар арасында дау туындап, жәбірленуші ағасын пышақпен қорқытқан. Сол кезде Бақтыбай інісінің қолындағы пышақты тартып алып, сыртқа шығып кетеді. Алайда, жәбірленуші оның соңынан жүріп, сыртқа шыға беріс баспалдақта  сүрініп, Бекежановқа қарай құлайды. Сол кезде сотталушының қолындағы пышақ  Ж.Бекежановқа кіріп кетеді. Б.Бекежанов дәрігер шақырады. Алайда, жәбірленуші оқиға орнында жан тапсырады.
Сот Бақтыбай Бекежановты ҚР ҚК 96 бабы 1 бөлімі (кісі өлтіру)   бойынша айыпты деп танып, оған қатаң тәртіптегі колонияда 6 жыл жазасын өтеуге үкім етті.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
 
Қарлығаш Оспанова

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓