Жоғалған баланы иісшіл ит тауып алды

21 тамыз күні кешке Қостанай ауданының полиция бөлімінің «102» пультіне Тобыл қаласының тұрғыны жүгініп, кәмелетке толмаған баласының жоғалғаны туралы хабарлаған. 7 жасар қыз сағат 20:50-де үйден шығып кетіп, қайта оралмаған. Анасының айтуынша, бұл бірінші жағдай емес…– Хабарламаны алғаннан кейін барлық жеке құрам дереу баланы іздеуге кірісті. Ахуалдық штаб ұйымдастырылды, онда қала бойынша барлық күштер мен құралдар тұрғылықты жеріне іргелес барлық көшелер бойынша бөлінді. Жедел іздестіру іс-шаралары барысында екі сағат ішінде бала табылып, отбасына табысталды, – деп хабарлады Қостанай ауданының Полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушы полиция подполковнигі Мұхтар Жармұхамедов.Қыз үйден 900 метр қашықтықтан «Алладин» қызметтік іздестіру итінің көмегімен табылды. Белгілі болғандай, ол адасып кеткен. Табылған қыздың анасы полиция қызметкерлеріне баласын аман-сау іздеп тауып бергені үшін алғысын жеткізді.
Еркебұлан Әлім

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓