5 сыныпқа дейін сабақ болмайды
Бүгін облыс орталығында ауа райының күрт суытуына байланысты 0-5 сыныптар үшін сабақ тоқтатылды. Осы уақытта Қостанайда -25 градус аяз.
Осылайша оқушылардың демалысы ұзаққа созылатын түрі бар. Білім ордаларының сыныптары қаңырап бос тұр. Ал, жергілікті синоптиктердің де болжамдары көңіл көніштпейді. Демалыс күндері облыс аумағында қыс қаһарына мініп, -40 градус аяз болмақ. Қазірдің өзінде үскірік аяз күшейіп келеді. Антициклон әрі қарай орталық пен оңтүстікке ойысады деп күтілуде.
Мешіт Ғазиз