Тасқын судан қауіп жоқ
Облыста. Төтенше жағдайлар қызметкерлері тұрғындарды енді су тасқыны болмайды деп сендіруде. Жауапты мамандар су басу қаупі бар елді мекендерде алдын ала дайындық жұмыстары жүргізді. Облыстың Қамысты, Таран, Денисов, Жітіқара, Қостанай аудандарында түскен қар түгелдей тазартылды. Тобыл өзеніне аққан тасқын су секундына 100 текше метрден құйылуда. Қаратомар су қоймасына 166,2 млн. текше метр су жиналды. Жоғарғы Тобыл су қоймасы әлі 195,8 млн. текшеметр су қабылдай алады.