Рудныйда SOS тетігі іске қосылды

Мұндай құрылғы Қостанай облысының қалаларында былтырдан бастап пайда болған еді. Енді олардың қатарына Рудный қосылып отыр. 
Қоғамдық тәртіптің бұзылуы, заңсыздық, төтенше жағдайларға куә болған кез келген қала тұрғыны осы түймені басып, полицияға дереу хабар бере алады. 
"SOS тетігі қаланың үш жеріне орнатылды. Олар – Әуежай шағын ауданы, И.Франко-Ленин көшелері қиылысы ("Весна" дүкені) және П.Корчагин-Комсомольский көшелері қиылысы. Құрылғыларды бейнебақылау камерасы күзетеді. Жалған ақпарат бергендер қызмыстық, әкімшілік жазаға тартылады", – дейді қалалық ПБ Жедел басқару орталығы бастығының орынбасары Зиадилла Жамберов.
Мұны ойын тетігіне айналдырғандар 30 АЕК көлемінде айыппұл арқалайды. Сондықтан мұны қажет кезде ғана пайдаланған абзал. Ал оны қолдану тәсілі қарапайым: түймені басқан соң әп-сәтте тәртіп сақшылары байланысқа шығады. Болашақта мұндай құрылғылар санын көбейте түсу жоспарланып отыр. 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓