Биылғы жоспарды нақтылады
"Нұр Отан" партиясы ҚОФ-ның сайлауалды платформасы бағытындағы жергілікті кураторларының жиналысы өтті. Іс-шарада партиялық кураторлар мен сарапшылар тобы өткен жылы жасаған жұмыстарын қорытындылап, биылғы жоспарларды нақтылады.
Аталмыш партия бұқараның әл-ауқатына бағытталған он екі жобаны жүзеге асыруда. Әсіресе, "Кедергісіз келешек" жобасының маңызы зор. Себебі, бұл жоба мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қолдауға арналған.
Жергілікті кураторлар аталған жобаларды жүзеге асыру арқылы халықтың мұң-мұқтажынан хабардар болуда. Мәселен, "Мықты бизнес – қуатты мемлекет" жобасы бойынша партиялықтар жергілікті кәсіпкерлерге оқыту семинарларын өткізді. "Шағын және орта бизнесті қолдау" бағытындағы жергілікті куратор Алмагүл Сауденованың айтуынша, алдағы уақытта семинарлардан шығатын қорытындыны талдау керек.
– Жеңілдің астымен, ауырдың үстімен жүруге болмайды. Пар-тиялықтар шешімін таппаған мәселенің ортасынан табылуы керек. Қарапайым халықтың арасындағы проблеманың не үшін туындағанын, оны қалай шешу керектігін білуі керек, – деді партияның "Білім және ғылым" бағытындағы жергілікті кураторы Қадырғали Жаманбалин.
Қымбат
ДОСЖАНОВА